Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Отанды сүю Иманнан
15 қараша, 2023 жыл 70 Басып шығару нұсқасы

   Шөл далада өрмелеп жүрген хайуандар да туылғаннан өз мекендерін біледі. Ауада ұшқан құстарда, теңіз және өзендердегі балықтарда өздерінің тіршілік мекенін сезеді. Бал арасы да, осыған ұқсас әр бірі өз жерін, мекенін, ұясын қорғаштайды. Адамдарда өз елін, өз жерін, отанын қастерлеп, құрметтейді. Құран Кәрімде нақты аят “Отанды сүю” жәйлі келмеседе Тапсіршілер  “Қасас сүресінің 85 аятын Отан жайлы ” деп тәпсірлейді. (Мұхаммед ғ.с.) шексіз саған Құранды міндетті қылған Алла, әрине сені қайтар жеріңе (Меккеге) қайтарады. “Раббым, Туралық келтірген кісіні де ашық адасудағы кісініде жақсы біледі де”. Ибни Аббастан жеткен хадисте: Пайғамбарымыз ғ.с. Меккеден Мәдинеге хижрат еткенде, Меккеден көп алыстағанда жоқ еді. Жухфа атты елді мекенге келгенде, Мекке қаласына қарап тұрып “Егер қаумым мені Меккеден шығып кетуіме мәжбүрлемегенде, ешқашан өз еркіммен оны тастап кетпес едім” – деген екен. Жоғарыда келген аят Пайғамбарымыз ғ.с.-ды жұбату үшін түсірілгенін байқаймыз. Демек Отанды сүю, ондағы әр бір нәрсені ардақтау және сағынып жасау адамзаттың бойына берілген қасиет. Қайда барсада адам өз отанын сағынады. Себебі, адам дүние есігін ашқанда, бірінші болып ауасын жұта бастайды, отанындағы топрақта жүруді үйренеді. Дүниені тануды отанынан бастайды. Кіндік қаны тамған топрақты қорғап, қорғаштау әрбір адамның Отан алдындағы борышы. Имам Табарни жеткізген хадисте “РасулуллаҺ с.ғ.с. айтты – Алла Тағаланың разылығы үшін бір күн шекара күзету, бір ай бойы кеште құлшылық қылып, күндіз нәпіл ораза тұтудан абзал”. Алла Тағалаға дұға етіп сұраймыз.

Елімізде, жерімізді, Отанымызды әртүрлі пәле-жәледен аман сақтап, Еркіндігіміз бен  Егемендігімізді мәңгі етсін.

Қалалық Әл-Мәшәни мешітің наиб имамы: Ермахан Оралбай Әділбекұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары