Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тәрбие тал бесіктен басталады
26 ақпан, 2024 жыл 284 Басып шығару нұсқасы

  Тәрбие дегеніміз-ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас етіп табыстайтын өнегесі, үлгісі, әдет-ғұрыпы мен рухани байлығы.Исламда бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлген.Асыл Пайғамбарымыз (с.ғ.с) исламдық тәрбиені қалыптастыруда балаларды назардан тыс қалдырмаған. Сәби туылғанға дейін нәресте туралы ойлап, алаңдаған. Баланың дүниеге келуімен діни рәсімдер жасалып, , мұсылман үмбетінің тағы бір адамға толысқанын қуаныш көрген. Әрі сол мұсылман үмбеті деген атқа сай тәрбие алуын қадағалаған. «Баланың жақсысы қызық, жаманы күйік» демекші, балаға «Алланың аманаты» деп қаралуының өзі, исламда балаға қаншалықты көңіл бөлінгендігін білдіреді.Пайғамбарымыз (с.ғ.с)-нан келген хадисте , екі жасар баласы бар әйел, «балаға тәрбиені қай жастан берсем болады» деген сауалмен келеді. Сонда Пайғамбарымыздың берген жауабы «сіз екі жылға кешіктіңіз» деген екен. Себебі бала тәрбиесі ана жатырынан басталуы тиіс.

  Тәрбиелі жанның алдынан көптеген есіктер ашылары сөзсіз. Тәрбиелі адам кез-келген ,ортада өз орнын таба біледі. Тәрбие отбасыдан, ата-анадан басталады.Ұрпақтың тәрбиелі болып қалыптасуына отбасының тигізер әсері мол. Ата-ананың ең басты қызметтерінің бірі-өнегелі тәрбие беру. Баланың дүние есігін шыр етіп ашқаннан бастап тәрбие басталады. Содан да болар,тәрбие тал бесіктен басталады деп бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қашанда бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Әсіресе, қыз баланы тәрбиелеу-ұлтты тәрбиелеумен бірдей екендігін ұғынып,қызды қырық үйден тыйыммен тыя білген. Осыдан келіп,қазақ қызы ибалы, ізетті, иманды болған. Адамның  баласының тәрбиесі өзінен емес. Ең алғаш адам көзін ашқанда-ақ оның әке-шешесі оған жүруді, сөйлеуді үйретіп, дұрыс азамат болып қалыптасуына ат салысады. Ал сол тәрбиенің тамырын бойымызға сіңіру қашанда өзімізге байланысты. Жалпы алғанда, бала тәрбиесіне көптеген дүниелер әсерін тигізеді:отбасы, қоршаған орта, білім ордалары, қоғам және жалпы ондағы мәдениет. Яғни, отбасында берілетін тәрбие балаға жеткіліксіз. Сондықтан , ата-анадан бөлек мектебі,достары, ағайын-туыстары, тіпті қоғам жауапты болып танылады. Кейде жөнсіз іс-әрекеттерді көрсек, «заман өзгерді» деп ой түйеміз. Өз мойнымызға жауапкершілік алудан қашқақтаймыз. Бұдан келіп шығатын қорытынды: бала тәрбиесі- адамзаттың ортақ ісі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!» деген қазақ халқының сөздерінде  үлкен астарлы мағыналар біраз ой түйдіреді. Тәрбиесіздікпен алынған білім, адамның қас жауы. Біріқ, ешбір орта жанұяңнан , ата мен әкеден алған тәрбиені алмастыра алмасы сөзсіз. Егер ата-бабаның ізімен , ананың жылулығымен берілген қасиеттері мол, ізетті ата-ананың тәрбиесін көрген жас буындар көп болатын болса, онда болашағымыздың жарқын  болары деген сөз. Болашағымыз айқын болсын десек, тәрбиемізді тал бесіктен түзейік. Ең бірінші бізге білім емес тәртіп керек. Яғни білім алу үшін тәрбиелі, инабатты болу керек.

          Қазіргі таңда, болашақ ел жастарымыздың тәрбиесі, ақыл-парасаты құлдырау үстінде. Сол себептіде, алдын ала бұл істі қолға алу қажет. Адамзатқа ең алдымен тәрбие кейін білім. «Білімсіз тау қопара алмайсың, тәрбиесіз өз ортаңда сыйлы бола алмайсың».

        Егер болашақта осы тәрбиелік маңыздың құлдырауы болса ше? Әбден мүмкін! Себебі қазіргі таңда ұялы телефонның әсері өте жоғары. Со себепті де бізге тәрбие мен талап қажет. Балаға тәрбиенің ең маңызды екенін үнемі үйретіп отыру, бұның  ең басты кедергісі бола алады.

Қорыта келгенде тәрбиенің ең маңызды екенін түсіндіру, жеткізу біздің міндетіміз. Егеменді елдің болашағы, тірегі, елімізді дамытатын  жастарға  дұрыс бағдар беру, жақсы тәрбие беру, біздің парызымыз.

Бұқар жырау ауданы 

«Жыржыс қажы» мешітінің 

Бас имамы Акошев Рүстем Мұратұлы

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары