Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Дәстүрді теріске шығарушылық адасушылық
26 ақпан, 2024 жыл 178 Басып шығару нұсқасы

  Қазақ халқы сонау замандарда Аллаға сиынуы өзге халықтарға қарағанда ерекше және өзіне ғана тиесілі жолмен болған жалғыз халық десек те болады. Сол замандарда бұттарды тастан жасап оған сиынбаған. Сол тас балбалдарды таңба ретінде, қорымдары белгілеу және келер ұрпаққа тарихты жеткізу мақсатында жасаған. Осы болған жәйттарды қазіргі заманауи дінтанушылармен этногрофтар дәлелдеуде. Түбінде осы амалдардың бәрінде халқымыздың ғұрыптық және дәстүрлік түсінігі жатыр. Төрт түлік малдың жағдайын жасауда осы тастан жасалған балбалдардың біреуі жердің жағдайын түсіндірсе,біреуі сол малдың қайсы тайпаға тиесілі екендігін бүлдірген. Айта кететін бір жағдай аталарымыздың сол кезде осы тастардан жасалған балбалдарды карта ретіндеде пайдалануы. Жауға түсініксіз белгілермен белгілеп бір-біріне хабар берген. Мысал үшін: Таулардың үстіне от жағу, садақтың оқтарындағы таңбалар ағаштарға әртүрлі реңдегі жіптерді байлау арқылы бір-біріне хабар берген. Белгілерді сол заманда өзіне сай құпия қылып жасырып ұстаған. Осы жасап жатқан амалдарына сол кездегі халықтың ғұрыптары мен дәстүрлері қатты әсер еткендігі білінеді. Әрбір жасаған амалдары құлшылықтан көрі көшпенді халықтың сол кездегі дәстүрлеріне сай халықты аман алып қалу, құрал саймандарын түгендеу, қоршаған ортада қорғану, жабайы аңдардан өзін сақтау деген сияқты. Сол үшін біз өсіп келе жатқан ұрпаққа осы әдет ғұрыптарымыздың дұрыс жағын насихаттауды алға қоюымыз керек. Өткен замандардағы дәстүрімізді қазіргі урбанизация заманында рационалды түрде көшіруіміз және түсіндіруіміз керек. Ғұрып дәстүрлерімізді мойындамау қоғамның біріншіден діннен сауатсыз екендігін білдіреді. Дін мен дәстүрдің халқымызға керектігін түсіндіруіміз керек.

Ислам ғалымдарының бірі Имам ибн Ғабидин  ислам шариғатында “Әльғұрф және Әльғада“ деп аталатын адамдар арасында қалыптасқан салт пен дәстүрді ашатын үкімдер бар деген. Дінмен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны ұшаңтеңіз және ұлттық құндылықтарды дамту үшін өте үлкен ықпалы бар дін. Адамның ізгілігін күшейтсе салт дәстүр ұлт болып негізделуімізді айқындайды. Әр халықтың өзіне тән қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады. Мысал үшін еліміздің үлкен жерді алып жатуының өзі ұлтымыздың бойындағы батырлық дәстүрін оятқан. Қазақ ұлттық әдет ғұрпқа өте жоғары орын берген этнос. Дін бар жерде дәстүр, дәстүр бар жерде дінде бар деп айтуға болады. Құдайдың кітабы Құранда мынандай аяттар жазылған Кешірімді бол ғұрыпқа жақсылыққа бұйыр және надандардан жырақ бол деп әмір етеді. Ғұрып дегеніміз бір қоғамда қалыптасқан жағымды әрі қайырлы іс. Алла тағала жоғарыдағы аяттарда қоғамда жағымды жағдайларды қалыптастырып оларды негізге алуға әмір етіп тұр. Алланың шариғаты бүткіл халықтың этностың өзіндік болмысымен ерекшеліктеріне өте үлкен көңіл бөлген. Сондықтан дін ғұламалары дәстүрді талдап оның өзін жеке бір бағыт ретінде зеріттеген. Дәстүрге теріс көзқараспен қарау және оны жоққа шығару тек бір этностың дамуына шек қою емес дінді түп тамырымен бұзу болып саналады.

Байбулатов Марат Умирзакович

Теміртау қалалық "Жақып Ақбай" мешітінің наиб имамы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары