Ұстаз үшін шәкіртінің өмірден өз орнын тауып, биіктен көрінуінен асқан қуаныш жоқ. Сенімі мен үміті ақталған ұлағатты жандар өмірдегі барлық құрметке лайықты.
– Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, егін егіп, мал баққан шаруа да бәрі ұстаздан тәлім алған. Сол себепті ұстазды қалай мақтасақ та, қалай құрметтесек те жарасады. «Білгендер мен білмегендер тең бе?» – деп айтқан.
Ұстаз – шәкіртін өмірге баулушы, оған өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін егуші, жақсы мен жаманды, обал мен сауапты үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, өзінің тәжірибесімен бөлісетін жанашыры әрі ақылшысы.
Қазақ халқы: «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы», «Атпаз көрген – ат таныр, ұстаз көрген – хат таныр», «Ұстазыңды әкеңдей сыйла», – деп ұстаз адамды құрметтеп, сыйлауға шақырған.
Абай хәкім: «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», – деп айтқанындай, адам бойында адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына, оны тәрбиелеген ұстазының маңызы өте үлкен. Айталық, Абылай хан – Төле биді, Шәкәрім – Абайды, Жамбыл – Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. Олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген.
Сол себепті де әр адам өзіне тәлім үйреткен ұстаздары алдында өзін қарыз сезініп, оларды сыйлап, құрметтеуі тиіс. Өйткені ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:
مَنْ لا يَشْكُرُ النَّاسَ لا يَشْكُرُ اللَّه«Адамдарға рахмет айтпаған Аллаға да шүкірлік етпеген болады» ,–деген (имам Әбу Дәуд).
Міне сондықтан біз қанша жетістікке жетіп,қандайда бір деңгейге көтерілсек те ұстаздардың маңдай тер еңбегін еш ұмытпауымыз қажет.
Қазақ ұстаз ұлы тұлға деп адам баласы үшін ұстаздың орны ерекше екенін айқан.Себебі ата-ана баласына тәрбе беріп ішіп жеуіне жағдай жасаса, ұстазы баланың өмір асуларында үлкен шыңдарды бағындырып қоғамнан өз орын табуға көмектеседі. Ислам дінінде де Ұстазың орнын ерекше жоғары бағаланады.Қасиетті құранда «Білетіндермен білмейтіндер тең бе?» (Зүмәр сүресі, 9-шы аят) деп білімнің орнын жоғары екендігін айтқан.
Сондықтан шәкірт ұстазын әрқашан құрметтеп, алдынан кесіп өтпеуі ұсаздан бұрын сөз бастамауы әдептіліке жаттады. Ал әдепті баланы ұстазыда жақын тартады және ондай балаға ілім тез қонады.Көп ғалымдарымыз ілім алуға алдына келген шәкіртке алдымен әдепті үйреткен содан кейін денгейін анықтай отыра ілім берген.қазақта ілім жолында жарысып шынға талпыну үшін «ұстаздан шәкірт озар» десе Хәкім Абай атамыз «ондай болу қайда деп айтапа ғылым сүйсеңіз» деген.Әитседі ұстаздан оздым басқалардың жете алмаған іліміне қол жеткіздім деп тәкәппарлық таныту әдепсіздік жасау мұсылмандық сипаттан емес.Хасан Басри деген өз заманының ұлкен ғалымы «кімнің әдебі болмаса оның білімі жоқ» деген.Сондықтанда қанша ілімге жетсекте сол денгейге жәрдем берген бірінші Алла одан кейін ұстаз екенін естен шығармауымыз керек.
Қарағанды қалалық "Әл Машани" мешітінің найб имамы Ермахан Оралбай
Пікірлер