Тілдік нұсқа
Радио

мақала

«Жиһад» және «шаһид» ұғымдары
13 мамыр, 2024 жыл 183 Басып шығару нұсқасы
  1. Исламдағы «Жиһад» түсінігі

         Қазіргі қоғамда адамзат баласына қорқыныш пен үрей бейнелейтін жиһад түсінігі ең маңызды жаһандық мәселелердің біріне айналды. Себебі, бұл түйіткілді дұрыс түсінбеудің салдарынан мұсылмандардың арасында келіспеушіліктер мен кикілжіңдер орыналуда. Жиһад сөзінің түсініктемесі өте ауқымды. Дегенмен, бұл – қолыңа қару алып, біреудің қанын ағызу деген мағынаға келмейді. Жиһад деп Алланың разылығы үшін жасалынған барлық іс-әрекеттерді айтамыз, сонымен қатар ол Алланың тыйым салған істерінен  қайту деген мағыналарды білдіреді.

         Жиһад  сөзі араб  тіліндегі «жим, һә және дәл» әріптерінен құралған «жә-һә-дә» етістігінен туындайды.Араб тілінде белгілі бір нәтижеге,мақсатқа жету үшін яки бір істі істеу үшін бар қажыр-қайрат пен ынта-жігерді жұмсау, тырысу, күресу деген мағыналарды білдіреді. Ал шариғаттағы түсініктемесі – «адамға Алла тағаланы тану үшін жол ашу»[1] дегенді білдіреді. Жаратушыны тануға сауатсыздық, кедейшілік, ерік-ойға, санаға жасалған шектеулер, жалқаулық, нәпсіқұмарлық кедергі келтірсе, солармен күресу үшін атқарылатынбарлық іс-шара жиһад болып есептеледі».

         Жиһад ұғымының аясы өте ауқымды. Бүгінгі таңда көптеген адамдар жиһадты қару алып соғысу деп бір жақты түсінеді. Әрине, мұндай түсінік жиһадтың мағынасын шектейді. Құранда «жиһад» сөзі 35 жерде аталғанымен, төрт жерде ғана тікелей соғыс мағынасында келген. Құранда соғыс ұғымы «харб»,«мухарабә»,«мағрака»,«қитал» терминдерімен білдірілген. Бірақ, жиһад сөзі соғысты да қамтығандықтан, көпшілік «жиһад» делінген кезде тікелей соғысты түсінеді.

         Алла разылығы үшін істелген әрбір іс-әрекет «жиһад» болып саналады. Қандай да болсын қиынжағдайларға қарамастан, күн сайын үздіксіз бес уақытнамаз оқу, кейде ми қайнатар аптап ыстықта ораза ұстау, Алла Тағаланы халыққа таныту үшін істелген әрбір іс, қоғамдағы кейбір керітартпа келеңсіздіктерді түзету үшін атқарылған үлкенді-кішілі барлық шара исламдағы жиһад ұғымының аясына кіреді.

Жиһад – ең әуелі өзіңді түзету. Ішкі дүниеңді, жүрегіңді тазарту. Болмысыңды қызғаншақтық, қанағатсыздық, сабырсыздық, жалқаулық, тәкаппарлық секілді күллі жаман қасиеттерден арылтып, олардың орнынакөркем қасиеттер егу. Қысқасы, мұсылманның өз нәпсісімен үздіксіз күресі. Сыртқы күрестен бұрын ішкі күресті қолға алудың маңыздылығыn айтпасада түсінікті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бірде соғыстан шаршап-шалдығып келе жатқан сахабаларына «Біз қазір кіші жиһадтан үлкен жиһадқа қайттық», – деген кезде, сахабалары: «Уа,Расулуллаһ, «үлкен жиһад» деген не?»[2], – дептаңғала сауал қойды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ол – өз нәпсіңмен күрес»,– деп қысқа да нұсқа жауап қайырды. Өйткені, нәпсімен күрес қолға қару алып дұшпанмен соғысқаннан да қиын. Олай дейтініміз, сыртқы дұшпанның кім екені, қайда екені, қашанға дейін болатындығы белгілі. Сондықтан, онымен күресу оңай. Ал нәпсің болса, олай емес. Ол сенің ішіңде. Қай жақтан, қалай келіп айласын асыратыныда белгісіз. Оның дұшпандығы белгілі бір уақытпен шектелмейді, әрдайым сенімен бірге .Міне, сондықтан пайғамбарымыз сыртқы дұшпанмен күресті «кіші жиһадқа» теңеп, нәпсімен күресті «үлкен жиһадқа» балаған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) басқа бір хадисінде: «Нағыз жиһад жасаушы кісі – өзінің нәпсісімен күресуші», – деп нәпсімен күрестің маңыздылығынтағы бір рет айшықтай түскен.

         2.Исламдағы «Соғыс» түсінігі

         Соғыс – өз ара келісім жолдары түгелдей іскеаспаған жағдайларда ғана амалсыз барылатынақырғы шара. Ал бейбітшілікке, келісімге қайтадан мүмкіншілік туған жерде соғысқа жол жоқ. Исламда қарулы соғысқа тек мынандай жағдайларда ғана рұқсат етіледі:

Ең әуелі - қорғану мақсатында. Шабуыл жасаған жауғақарсы соғысу. Құранда: «Сендермен соғысқандарға қарсы сендерде Алла жолында соғысыңдар. Бірақ шектен шықпаңдар. Алла тағала шектен шыққандарды жақсы көрмейді»[3], – делінеді.

Өзіңе шабуыл жасайтыны нақты анықталған дұшпанға соғыс тактикасы бойынша бірінші болып шабуыл жасауға рұқсат етіледі.

Ал екінші жағдай жазалаужәне түрлі зұлымдықтарға жол бермеу мақсатында. Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.) барлық соғыстарына көз жүгіртсек, тек жоғарыда айтылған осы себептерге ғана сүйенгеніне куә боламыз. Яғни соғыстек Алланың разылығы үшін Оның рұқсат еткен жағдайларында ғана болуға тиіс.

         Әлемде болып жатқан лаңкестік әрекеттер мен исламның ешқандай байланысы жоқ. Ислам деген сөздің өзі «бейбітшілік, амандық, есендік» деген мағынаға саяды. Ислам діні – жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты» орнату үшін жіберілген Құдайлық соңғы дін. Міне, сондықтан әр мұсылман, тіпті, сәлем бергеннің өзінде хал жағдай сұрап емес, «бейбітшілікпен тыныштықты тілейді. Мұсылмандардың сәлемдесуде айтатын «әссәламуалейкум» сөзі «сендерге Алланың бейбітшілігі мен есендігі, тыныштығы болсын!» деген мағынаны білдіреді. «Ислам»,«сәлем», «мұсылман» сөздерінің барлығының түбірі бір. Яғни бейбітшілік пен тыныштықтың мағынасын қамтитын сөздер. Ислам бейбітшілікті уағыздайтын дін болса, мұсылман баласы сол бейбітшілікті өзінің отырып-тұруында, сәлемі мен сөйлеуінде, өзгелерменқарым-қатынасында, қысқасы, әрбір іс-әрекетінде іс-жүзінде көрсетуші тұлға болмақ.

Тіпті Құран Кәрімде «Бейкүнә бір адамды өлтірсе немесе жер бетінде бұзақылық қылса – күллі адамзатты өлтіргендей болады»[4]

Бұл ереже қасиетті Құранда айтылған. Олай болса, қаншама бейкүнә адамның, періштедей бүлдіршін сәбилердің жанын қиған лаңкестік әрекеттер исламға, Құранға, мұсылманшылыққа жата ма? Тіпті, адам өлтіру былай тұрсын, малды қорқытудың өзі Исламға қайшы.

         3. Исламдағы «Шәһид, шейіт» түсінігі

         Беліне түрлі жарылғыш байлап, өзгелердің жанын қию үшін өзіне де қол жұмсаған жанкештілер өздерін «шейітпіз» депесептейді. Шейіттік мәртебе бейкүнә жандарды өлтірумен келетін оңай нәрсе емес. Шариғатта шәһид деп Алла жолындағы соғыста қаза тапқан адамды айтады. Шәһид жалпы екіге бөлiнедi: Әуелгісі «кәмiл шәһид» (толық шаһид) – бұл дүниеде де, ахиретте де шәһид болып саналатын кiсi. Кәмiлшәһидболуыүшiн бес шарт бар:

1. Саналы, ақыл-есібүтін болу;

2. Кәмелеткетолған болу;

3. Мұсылман болу;

4. Солжердекөзжұму;

5. Ол өзiне тиген соққыдан емделмей, тамақ жемей, су ішпей, ұйықтамай және құлаған жерiнен басқа жерге апарылмай (мысалышатырға, үйдiң немесе бөлменiң iшiне тасылмай және бiр намаз уақыты өтпей) мерт болса ғана кәміл шәһид болып есептеледi. Кәмiл шәһид үкiмi: Шәһидке ғұсыл рәсiмi жасалмайды, тек үстiндегi қаннан өзге нәжiс тазартылады. Оны мерт болған күйiнде, қалың киiмдерi мен қарулары шешiп алынып, жеңіл киiмiмен жерлейдi. Шәһид өз киiмi және үстiндегi қанымен жаназа оқылып жерленеді. Екіншісі «Ақыреттегi шәһидтер»: Бұған зұлымдықпен өлтірілсе де жүніп болған адам, әйтпесе хайызды немесе нифасты әйел, не болмаса алған жарақатынан кейін көп уақыт өткен соң өлген адам, немесе сәби бала, есі ауысқан кісі немесе абайсызда өлтiрiлген кiсi кәміл шаһидке жатпайды, бірақ ақыретте шәһид деп саналады. Мұндай шәһидтерге қиямет күнi Аллаһ тағала тарапынан уәде етiлген сауап беріледі. Бұлардың кәміл шәһидтерден айырмашылығы – оларды жуып, кебiндеп, жаназасын шығарады. Осы ақырет шәһидтерi қатарына суға батып немесе өртенiп өлген, үстiн дуал немесе сол сияқты бiр нәрсе басып қалған адам, сапардағы жолаушы, оба, тырысқақ ауруынан немесе дәрi-дәрмектен уланып өлген, iшi өтiп қайтыс болған, эпилепсия (талма), ыстығы көтеріліп өлген, жылан-шаяншаққан, т.б және де осылардың қатарына iлiм іздеп жүрiп қайтқан және жұма қарсаңындағы түнде қайтыс болған кiсiлер жатады. Олар ақырет шаһидтері болса да жуылып, кебінделіп жаназа намазы оқылады.[5]

         Ал өз өміріне балта шауып, сауап жинаймыз деп жаңсақ пікірде жүрген жандарға Алла Тағаланың Өзі қасиетті Құранда жауап берген. Ниса сүресінің 29-шы аятында  «Өздеріңе өздерің қол жұмсамаңдар!»[6]

делінген. Сол себепті адам баласының өзін-өзі өлтіруі – исламда үлкен күнә. Біз дінімізді қасиетті кітап Құраннан, әрі оны түсіндіруші соңғы пайғамбар Мұхаммедтен (с.ғ.с.) үйренеміз. Ал енді осы мұсылманшылық қағидаларының қайнар көзі саналған Құран мен Пайғамбарымыздың өмірінде өзіне қол жұмсап, бейкүнә жандарды қыру бар ма? Тіпті, соғыс жағдайында да соғысқа қатыспаған адамдарды өлтіру– дінімізде харам саналып жатса, жай уақытта күнде құбылмалы саяси ойындар үшін жүздеген бейбітжатқан күнәсіз жандардың жанын қиюдың қандайауыр күнә екені айтпаса да түсінікті.Қоғамның пайдасы үшін болса да, исламдақандай да бір адамның құқы аяқ асты етілмейді. Бірғана адамның құқы – жалпы қоғамның құқындайқымбат.

 

Біреудің мінін көргенше,

Жамандығын тергенше,

Өз ойыңды мазалап,

Өз бойыңды тазалап,

Өзіңмен күрес өлгенше! – деп, Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз айтқандай,

Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең,

Мықты болсаң Өзіңнің нәпсіңді жең! – деп Хәкім Абай атамыз айтып кеткендей, өзгемен емес, өзімізбен алысайық!

 

 

 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша жат діни ағымдардың алдын алу бағытының жауапты маманы  Кемербаев Данияр Ерікұлы

 


[1] Жиһад деген не, Алматы, 2011

[2]Ажлуни, Кәшфул Хафа, I, 45.

[3]«Бақара» сүресі, 190-аят.

 

[4]«Маида» сүресі, 32-аят

 

[5]Жаназа және жерлеу рәсімдері, Астана, 2017

[6]«Ниса» сүресі 29-аят

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары