Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен «А. Байтұрсынұлы» атындағы мектептің 10–11 сынып оқушылары арасында «Суицидтің алдын алу, жастар арасындағы стресске төзімділікті арттыру» тақырыбында рухани-психологиялық семинар өтті.
Шараның мақсаты – жасөспірімдердің психологиялық саулығын нығайту, өмірлік қиындықтарға қарсы тұра білуге баулу және олардың бойында сабырлық пен төзімділік қасиеттерін қалыптастыру.
Семинар барысында жастарға күйзеліс жағдайында дұрыс шешім қабылдау, өз-өзін қолдау, сондай-ақ жақындарынан көмек сұраудың маңыздылығы түсіндірілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы