Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тағдырдан тағдырға қашып барамын...
05 тамыз, 2014 жыл 143 Басып шығару нұсқасы

Тағдырдан тағдырға қашып барамын...Бір кездері Омар (р.а) Мәдина қаласындағы бірнеше сахабаны жанына ертіп Шамды бақылап, тексеру үшін жолға шығады. Шамның сол кездегі бастығы Әбу Убәйда ибну Жәррах Омар (р.а) мен жанындағы жолдастарын қаланың сыртынан күтіп алады. Әбу Убәйда ибну Омарға (р.а) Шамда оба ауруының етек алғанын жеткізеді. Хабарды естір-естіместен хазіреті Омар жанындағы сахабалармен ақылдасады. Сахабалардың кейбіреуі: «Осы жерге дейін келдік қой, Аллаға тәуекел етіп қалаға кіріп, жұмысымызды бітіріп кетейік», - десе, енді біреулері: «Кері қайтайық»,- деген ойларын ортаға салады. Хазіреті Омар да осы кері қайтайық деушілерге қосылады.Сонда Әбу Убәйда:
Уа, Омар Алланың тағдырынан қашқаның ба?-дейді.
Омар (р.а.):
-«Бұл сөзді сенен басқа біреу айтқанда ғой! Иә, Әбу Убайда, Мен Алланың тағдырынан оның басқа бір тағдырына қашып бара жатырмын», - деп жауап қатады. Сосын түсінікті етіп ойын ашпақ ниетпен:
- Уа, Әбу Убәйда, сенің түйелерің бар делік. Мына жердің бір жағы жасыл-желек, балғын шөп, ал екінші жағы құрғақ, сусыз тап-тақыр жер делік. Сен егер түйелеріңді жасыл желек, балғын шөпке жайсаң Аллның тағдырымен жайған болмайсың ба?
Бұл әңгімеге кейіннен қосылған Абдуррахман былай дейді:
«Бір жерде оба ауыруының бар екенінен хабардар болсаңдар, ол жерге бармаңдар, ал егер сол жерде болсаңдар сыртқа шықпаңдар».
Омарға (р.а) бұл хадисті естігеннен кейін қатты қуанады. Пікірінің дұрыс шыққаны үшін Алла Тағалаға шүкір етеді.
Дереккөзі: «Имани гүл»





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары