Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құс қанат ғұмыр
29 қазан, 2014 жыл 774 Басып шығару нұсқасы
 Акрамның дүниеден озғанының себебімен Әли әкесінен  "Адамдар неге өледі" - деп сұрады.

Әкесі: " Ақ пен қара арпалысқан, мынау, жарық жалғанға Алла Тағала адам баласын сындарлы сынағынан өткізу үшін жібереді. Уақыты келгеннен соң өзіне қайтып алады. Құс қанат ғұмырдың қашан аяқталатынын ешкім де білмейді",- деп жауап берді. Терең оймен айтылған сөздер  Әли үшін  түсініксіз жұмбақ де құпия күйінде қалғандай болды. Ал,  ағасының жанында тұрған кішкентай қарындасы:

- Біздің үйдің алдындағы шыңыраудың түбіндегі судың қашан таусылары беймәлім ғой. Уақыт өте келе бетін тастар жауып тастайды немесе сарқылып бітеді. Адамның өмірі де осы құдықтың суы іспеттес! - деп айтқан Айшаның сөздеріне әкесі «Өте дұрыс» деуден басқа ештеңе айтпады.Уа, Алланың құлдары! Қамшының сабындай қысқа ғұмырларыңызда сауапты іс жасауға ұмтылыңыздар. Ниет еткен ісімізді ертеңге қалдырмайық, ағайын!

Марат Қаниев

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары