Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Күндік өмірің болса...
29 қараша, 2014 жыл 260 Басып шығару нұсқасы

1299433864nAeodiМекке... Жол шетінде қарт кісі мен жас жігіт шүйіркелесіп өзара әңгімелесіп отыр. Алдарынан жақсы киінген бір кісі шықты. Әлгі кісі келген бойы жас жігітке бір кесе алтын ұсынды. Жігіт: – Рақмет, – деді, – маған оның қажеті жоқ! – Сонда да, ал, – деді әлгі кісі, – қаласаң өзіңе жаратарсың, қаламасаң кедей-кепшіктерге үлестірерсің? Жігіт көп сөз таластырып жатпастан ала салды. Бір кесе алтынды тұтастай сол күні-ақ өзі білетін мұң-мұқтаж кісілердің бәріне таратып берді. Қарт кісі ертесі күні кешегі қасында отырып әңгімелескен жас жігіттің біреуге қыжалатын айтып көмек сұрап тұрғанын көріп: – Балам-ау, өзіңнің де ақшаң жоқ екен. Кешегі қолыңа тиген алтыннан өзіңе де алып қалсаң болмас па еді? – дегенде, жас жігіт жұлып алғандай: – Мен таң атса болды кешке дейін өмірімнің жетер-жетпесіне ешқашан сеніммен қарап көрген емеспін, – деген еді. Тақуалық – қашанда өлімге даяр жүру. «Күндік несібе Құдайдан» деген сөз де осындай тақуа кісілердің айтқаны болса керек..


Дереккөзі: «Тағылым тамшылары»





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары