Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Өзіңізді ренжіткен адамға жақсылық тілеңіз
28 қаңтар, 2015 жыл 1662 Басып шығару нұсқасы

 ihwafiislam_1Айналасындағылар ең жоғарғы адамгершілік қасиет қандай екенін сұрағанда, Алла елшісі: «Кешіре біл, көпшілік қабылдаған әдептерге шақыр және дінсіздерден теріс айнал»-дейтін Құран аятын айтқан екен. Содан соң: «Жақсы қасиеттер – сенімен байланысын үзгендермен қарым-қатынас орнатуың, егер өзіңе бермегенге берсең, өзіңді ренжіткенді кешіргенің»-деген екен.


Біздің қай-қайсымыз болсақ та өмірде әділетсіздікке, сатқындыққа, алдауға тап болып жатамыз. Бұл жамандықты әркім жасауы мүмкін: досымыз, туысқанымыз, әріптесіміз, жақын адамымыз. Бірақ осындай кездері ең бірінші есімізден шығып кететіні ол адамға алғыс, ризалық білдіру, оны кешіру мен оған дұға ету. Әрине пенде болған соң мұндай жағдайларда қандай алғыс, қандай ризашылық туралы айтуға болады деуіміз заңды. Бірақ бұл мәселені де тереңнен ойлап, өрелі ойдың биігінен қарасақ шынында қаншалықты қателесетінімізді түсінер едік.


Әр адам, әсіресе Аллаға сенетін адам өз өмірінің ең соңғы мақсаты дүниелік бақыт емес, мәңгілік бақыт екенін түсінуі керек. Біз бұл өмірге келгенде тек жақсылық пен қуаныш үшін келгеніміз жоқ, бізге оған ешкім кепілдік бермейді. Біз әр түрлі жолдармен сыналуға келеміз. Міне мұндай сатқындықтарға тап болуымыз, бізді біреулердің басқалай ренжітуі, бұның бәрі осы түрлі сынақтардың бірі ғана. Құранда аятында: «Біз сендердің кейбіріңді басқалар үшін сынақ етіп жараттық. Сендер бұған сабырлылық танытасыңдар ма?»-дейді. Осыдан-ақ көп жайтты аңғармаймыз ба? Біз сабырлылық танытамыз ба? Реніштердің әлдекімнің қиянаты емес, Алла Тағаланың басқа салып тұрған сынағы екенін түсіну арқылы біз ішкі күшімізді осы қателіктерді түзетуге, одан сабақ алуға жұмсай аламыз.


«Тәңірің – бәрін көреді»-дейді тағы сол аятта. Және құдси хадисте Алла Тағала: «Саған зұлымдық жасаған адамға жақсылық жасадың ба? Өзіңді ренжіткен адамды кешірдің бе? Байланысын үзген туысқандарыңмен қарым-қатынас орнаттың ба? Өзіңді алдағанға әділ болдың ба? Сенімен қарым-қатынасын үзгенмен хабарластың ба?»-деп сұрайды.


Рухани баю, Аллаға жақындау тек құлшылық пен жақсы істерден тұрмайды. Әділетсіздікке ұстамдылық таныту, реніштерді ұмыту сынды қасиеттер де сабырлылықтың бір белгісі. Алла елшісі де дәл осылай жасаған. Айша анамыз Алла елшісінен Ұхұд шайқасынан ауыр тиген  қай күн екенін сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жерлестерінің өзін жәбірлеп қуып шыққан Акаба күні болғанын айтқан екен. Сонда оларды жазалау үшін тау періштесі жіберілгенде Алла елшісі оларды жазаламауын, оларға саналы ұрпақ беруін сұраған екен.


Дж.Холлис өзінің бір кітабында: «Біз өзімізді ренжіткен адамдарға рахмет айтуымыз керек. Олардың болмысы қандай болса сол күйінде қалуы үшін біз оларды жақсы көре аламыз, себебі біз өзімізге бұйырған тағдырдың ақтық сынына шығамыз»-деп жазады. Психологтың бұл сөздері хадис сөздерімен сәйкес келмей ме?


Психологты өзіміз сияқты ой айтатын пенде десек те, Алланың сөзінен, Пайғамбардың ізінен жаңылыспасақ екен. Өзіңе қиянат жасаған зұлымдарды кешіруді бұйырған Алла бәрін білуші. Бұл істің де бізге қайыры болмаса Алла Тағала бізге бұны бұйырмаған болар еді.
Қарағанды облыстық орталық мешіті
Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары