Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сөз бен іс
01 ақпан, 2015 жыл 191 Басып шығару нұсқасы

Сөз бен ісАрдақты пайғамбарымыз бір сапарда ат басын тежеп, достарымен бірге көліктерінен түсер-түспес жүктерін жерге қойысты. Желқосты боп қарын ашқандықтан бір қой сойып жеуге ақылдасты. Бар жұмысты әркім өзара бөлісе бастады.
Біреуі: - Қойды мен сояйын,-деді.
Екіншісі: - Терісін мен сыпырайын,-деді.
Үшіншісі: -Ет пісіру менің мойнымда болсын,- деді.
Сол кезде Пайғамбарымыз да:-Шөлден отын жинап қайтуға мен барайын ,-деді. Бұны естігенде сахабалардың бәрі әбігерленіп: -Уа, Аллаһтың құрметті елшісі! Еш әуре болмастан сіз көлеңкеде сәл тыныға тұрыңыз. Біз өзіміз-ақ бәрін қуана-қуана істейміз -десті.
Сонда Пайғамбарымыз: -Иә, бұл жұмыстарды мен сендердің өздерің-ақ істей алатындарыңды білем, алайда Алла тағала қандай да бір құлдың өзін өзгелерден артық сезініп дос-жарандарынан бөлек отырғанын ұнатпайды,-деп жауап берген еді.
Сөйтті де, шөлге барып құшақ отын теріп әкелді. ..
Бұл Алла елшісінің сөзі мен ісі тең, турашыл сипаттың қарапайым ғана бір көрінісі.


Дереккөзі: Тағылым тамшылары





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары