Сұрақ:
Бойтұмарларға қалай қарау керек?
Жауап:
Құранда: «Адам қандай жағдайда да Алла Тағалаға тәуекел етіп, тек Одан ғана көмек сұрауы керек». Егер адам ауырса немесе көз тисе үлкен күнәлар жасайтын бақсы-балгер, көріпкелге, асторлогқа жүгінбесін»-делінген. Олармен араласып, айтқанын істеген адам өзінің қалай күпірлік еткенін, Аллаға шек келтіргенін байқамай қалады. Дертке душар болған немесе көз тиген адам ең алдымен Алладан көмек сұрап, шариғатта рұқсат етілген емдеу тәсілдеріне жүгінуі тиіс. Алла елшісі қасиетті Құранның белгілі бір аяттары мен дұғаларын оқуды, тахажуд намазын оқуды және үнемі зікір етуді ұсынған.
Алла елшісі өзінің сахабаларына түрлі ауру-сырқаудан дұғамен емделудің дағдыларын үйреткен. Сонымен қатар Пайғамбарымыз кәмелетке толмаған жас балаларды көз бен тіл тиюден қорғау үшін бойтұмар тағуға рұқсат еткен. Бұл бойтұмарларда Құранның Алла елшісі ұсынған аяттары мен дұғалары жазылуы тиіс.
Бойтұмар тағуды ширк ретінде қарастырып жатады. Бұл жағдайдың мұсылмандық бойтұмарларға қатысы жоқ. Бұл арадағы әңгіме астрологтар, бақсы-балгер мен көріпкелдер беретін тастар мен металдан жасалған бойтұмарларға қатысты. Алла елшісінің уақытында пұтқа табынушылар өздері табынатын пұттардың кішірейтілген формасын бойтұмар ретінде тағатын болған. Алла елшісі мұны ширк келтірудің бір формасы деген. Қасиетті Құрандағы қасиетті аяттар мен мұғалар тұрғанда бұл бойтұмарларға қалай сенуге болады?
Алла елшісінің сахабаларына айтқан бір дұғасында: «Маған келуі мүмкін зияннан Алла Тағаланың қасиетті сөздерінен қорғаныші іздеймін»-делінеді.
Ауру-сырқаудан, қайғыдан намаз оқымай, құлшылық қылмай тек бойтұмарлардың көмегімен құтылу мүмкін емес. Осына әрдайым есте ұстаған абзал.
Қарағанды облыстық орталық мешіті
Әмина Омарова
Пікірлер