Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Өздеріңді әурелемеңдер!
27 наурыз, 2015 жыл 160 Басып шығару нұсқасы

 men-style3Алла елшісі өте қарапайым, адамдармен қарым-қатынаста шынайы, ашық-жарқын болған. Адамдармен бірге отырып, бірге  тамақтанып, бірге жүрген. Топтың ортасында ерекшеленіп, алдыға шығып жүруге тырыспай, топтың соңында жүретін болған. Балаларды алдына отырғызып ойнап, айналасындағылармен қалжыңдасып қарапайым өмір салтын көрсеткен. Пайғамбарымыз ішер ас, киер киімде де өзін ерекшелемеген. Оның өзіне тиесілі қымбат заттары да жоқ еді. Себебі ол өмірдің мәнін қымбат киім, дүние-мүліктен көрген жоқ.


Ал біз қазір қандаймыз? Бірқатар адамдар өздерінің киімі, сыртқы түр-келбетіндегі кемшіліктерін жауып әуре, қарапайым адамдармен, қызметтегі тұлғалармен қарым-қатынаста қарым-қатынас жасаудың белгілі бір үлгісін, белгілі бір кейіпті сомдап әлек. Ал Пайғамбарымыз  адамдармен әңгімелесетін, оған үлкендер де, балалар да келе алатын, кез-келген адам жолда тоқтатып сұрағын қоя алатын. Алла елшісі әрдайым таза, әдемі киінетін. Бірақ бойынан тәкаппарлық табылмайтын, әр нәрседе шектен шықпаған.


Кейбір адамдар киімде, әшекей-бұйымдар таққанда, сырт келбетін, сыртқы образын жасағанда шектен шығып жатады. Ерекше шаш үлгісін, ерекше сақал-мұрт қоюға талпынады. Адамдармен қарым-қатынас жасағанда қалай сөйлеуге, қалай отыруға, қалай жүріп-тұруға баса мән беріп жатады.


Пайғамбарымыз: «Мен және Құдайдан қорқатындар", басқа бір нұсқасында "...және менің үмбетімнің жақсылары өздерін әурелемейді"-дейді. Пайғамбарымыз елдің бәрімен бірдей, теңдей қарым-қатынас жасаған.


Бірде Пайғамбарымыз жолда Әбу Бәкірдіжолықтырып одан: "О Әбу Бәкір! Сені шығуға не мәжбүрледі"-деп сұрайды. Әбу Бәкір: "Аштық"-деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз: "Менде үйден сол себеппен шықтым"-дейді де тақуа ансарлардың бірі Әбу Тайханға баруды ұсынады. Екеуі бірге соған барады, Әбу Тайхан оларды тамақтандырады. Міне бұл сыртқа көз қылатын қарым-қатынас емес, достық қарым-қатынас. Себебі тақуалар үшін бұл дүние уақытша, ал ақырет  мәңгілік.


Пайғамбарымыз: "Менің үмметімнің жамандары - жақсылықта, береке-бірлікте туып-өсіп, түрлі тағам, киім-кешек іздеп, қоқиланып сөйлейтіндер»-деген. Осындай әдеттермен әуре болған адамдар шынайылықтан, шындықтан, тазалықтан алыстайды, солай өз-өздерін қинап әлек болады. Біреу елдің алдында интеллигентті, біреу биязы, біреу ширақ, біреу сыпайы көрінгісі келеді, елдің мақтауын, бір ауыз сөзін естуге асығады. Өзгелерден ерекшеленуге әуес-ақ. Бұл әрекеттер ең соңында екіжүзділікке, тәкаппарлыққа алып келмек. Адам неғұрлым қарапайым өмір сүрсе,  сыртқы сұлулығын емес, бойындағы жаман қасиеттерден арылуға тырысып, өмір бойы өзінің мінез-құлқын, өзін-өзі тәрбиелесе соғұрлым Алла елшісіне бір табан жақын. Болмашы істермен шұғылданғанша «көркем мінез» сұрап Аллаға неге құлшылық етпеске?


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары