Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Салыстыру
25 мамыр, 2015 жыл 582 Басып шығару нұсқасы

800x_e1Адамдар әлде бір қиындық, кедергі туындай қалса  өміріне риза болмай, еңсесі түсіп, налып, тағдырына наразылық білдіріп жатады. Торығу ақылды, сананы адастырады, болып жатқан оқиғаларды саралауға, қорытынды шығаруға, оны түзетудің жолын табуға мүмкіндік бермейді. Солай адамның көзқарасы өзгеруі, қатыгездікке бойы үйреніп, жауапкершіліктің төмендеуіне алып келуі мүмкін.


Өмірге келу мен өмірден озу біздің қолымызда емес. Адамның, періштелер мен жындардың, жалпы жаратылыстың өзі Алла белгілеген жолмен жүреді. «Көк пен жерді және екеуінің арасындағыны Алла ақылмен жаратты. Біз оларды Өз даналығы бойынша жараттық және оларды Алланың – Шын екенін дәлелдейтін жүйе бойынша басқарамыз. Одан басқа Тәңір жоқ, Ол құдіретті! Бірақ олардың көпшілігінің соқырлығы осы дәлелдерді көрмейтіндігінде». (Құран, 44:38).


Алла мен адамды салыстыра аламыз ба? Әрине жоқ. Сонымен қоймай әлденеге риза бола бермейміз. «Алла сендерді және сендердің істеріңді жаратты» (Құран, 37:96).


«Көк пен жердің байлығы Аллаға белгілі және Оған бәрі қайтады. Оған бойұсын және Оған тәуекел ет. Сенің Жаратушың сендердің не істеп жүргендеріңді біледі» (Құран, 11:123).


Адамдардың Құдайын ұмытып, өзін құдай көретін жағдайлары жиі кездесіп жатады. Қазақтың «Кедей байысам дейді, бай Құдай болсам  дейді» дейтін мақалындағыдай тура. Өзін басқалардан жоғары қояды, айналысындағыларға көрсетпесе де менсінбеушілік танытады.


«Мен бәрін білемін, бәрінен артықпын, қолымнан бәрі келеді» - деген сөздер жиі айтылады. Бұл ұстаным философияға кеңінен енген ұстанымның бірі. Әрине, алға ұмтылу, өрлеу, табанды, жігерлі болу жақсы-ақ. Өкінішіке қарай білім беру, даму бағыттарында осыған ден қойып, осының бәріне дем беретін Құдайды мүлде ұмыту бар. Бұл тозаққа жетелейтін - тәкәппарлық.


            Келесі бір жағдай – «Мен кереметпін, ал сендер бәрің маған кедергі келтіресіңдер, жолыма бөгет боласыңдар» дейтін көзқарас. Үнемі өзін біреулердің жолында, қандайда бір себептердің құрбаны көріп  жүреді. Олар болмаса құдды бір барлық жағдайы керемет болып кететіндей. «Айт: «Егер Алла қаламаса өзіме не жақсылық, не жамандық әкелуге мен қауқарлы емеспін...» (Құран, 7:188).


Кез-келген – оқиға Алланың қалауы. Ал оқиғаның алғышарты – адамның ниеті мен ісі. Міне бұл адамның жауапкершілік аймағы.


Бір адам Мұхаммед Пайғамбарға келіп: «О, Алланың елшісі! Маған түйені байлап, Аллаға үміт ету керек пе? Әлде оны босатып, Аллаға үміт ету керек пе?» - деп сұрайды. Мұхаммед Пайғамбар: «Байла, сосын үміт ет!» - деген.


Алла Тағаланың қалауын жоққа шығару азапқа алып келеді. Адамдар үнемі біреумен жарысып жүреді. Көре алмайды, қызғаныш бар. Ашық болсын, жасырын болсын жарысып, бәсекелесіп әлек. Бұл имансыздықтың белгісі. Алла бергенді ешкім ешкімнен тартып ала алмайтынын, Алла бермесе ештеңеге қол жеткізе алмайтынын түсінбегендік.


Сөйте тұра, білместікпен әділеттілік іздейді. Өзі ойынша өзінің әділеттілігін белгілеп алады.  «Сіздерді сынап, кімнің ісі жақсы болатынын көру үшін өлім мен өмірді Кім жаратты. Ол – Құдіретті, Кешіруші » (Құран, 67:2).


Мұхаммед Пайғамбар: «Біліңдер, егер барлық адамзат жиылып сендерге көмек  көрсетпек болса Алланың жазғанынан басқа ештеңе жасай алмайды. Сол сияқты егер барлық адамзат сендерге зиян келтірмек болып біріксе Алланың жазғанынан артық ештеңе істей алмайды»-деген.  «Шынында олар өз-өздерін өзгертпейінше Алла Тағала олардың жағдайын өзгертпейді» (Құран, 13:11). Міне ендеше өзімізді Құдайдай көріп кеудемсоқтық танытқанды қоялық. Кеудемсоқтық пен табандылықты ажырата білген абзал. Себебі адамның өзін Алламен салыстыруы  азаптан басқа ештеңе әкелмейді.



Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары