Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) ғажайыптары
23 қазан, 2015 жыл 1000 Басып шығару нұсқасы
Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) ғажайыптары екі түрге бөлінеді:

1) Қиямет күніне дейін жалғасатын ғажайыптары – бұл қасиетті Құран Кәрім;

2) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) тіршілігінде жасаған ғажайыптары.

Мысал үшін:

Ағаштың куәлік етуі

Бірда Алла елшісі шөл далада келе жатып, бір бәдеуиді жолықтырып, оны Исламға шақырады. Әлгі бәдеуи Алла елшісінен Пайғамбарлығының шынайылығына дәлел көрсетуді сұрайды. Алла елшісі айналасына қарап, алыстағы бір ағашты көзі шалады. Сонда сол ағашты өзіне шақырады. Сол кезде ағаш жерді айғыздап Пайғамбарымызға жақындайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ағаштан үш рет: «Мен кіммін?»-деп сұрайды. Ағаш үш мәрте: «Шынында сен – Пайғамбар және Алланың елшісісің»-деп жауап қатып, өз орнына қайтқан екен.

Пальма ағашының Пайғамбарға (с.ғ.с) деген сағынышы

Мінбер пайдаланбай тұрғанда Алла елшісі пальма діңгегіне сүйеніп уағыз айтатын. Сахабалары мінбер дайындағаннан кейін соған ауысады. Сонда мешітте отырғандардың барлығы пальма ағашынан шыққан жылаңқы дыбысты естиді. Сол кезде Алла елшісі мінберден түсіп, пальманың діңгегін құшақтағанда ол тынышталған екен.

Түйенің Пайғамбарға (с.ғ.с) шағым айтуы

Имам Ахмад пен Әл-Байhакый мына бір оқиғаны жеткізген: «Бірде біз Мұхаммед Пайғамбармен бірге келе жаттық. Қасымыздан су таситын түйе өтті. Әлгі түйе Алла елшісін көргенде бақырып жіберді. Алла елшісі: «Бұл түйенің иесі қайда?»-деп сұрады. Иесі келгенде: «Мына түйені маған сат»-деді. Түйенің иесі: «Біз сізге оны сыйлар едік, бірақ бұл түйе бір отбасыға тиесілі, олардың осы түйеден басқа малы жоқ»-деп жауап қатты. Сонда Алла елшісі оған: «Сенің ол отбасыға қатысты айтқаның бір бөлек. Ал түйе өзінің шамасынан тыс көп жұмыс істейтінін, ал азығының дұрыс берілмейтіндігін айтып шағым жасады. Оған жақсылап қара»-деді.

Ал Ибн Шаhин өзінің «Пайғамбарлық дәлелдері» деген кітабында жеткізген басқа нұсқасында осы оқиға былай өрбиді:  «Бірде мен Мұхаммед Пайғамбардың соңынан ілесіп бір бақшаға келе жаттым. Осы кезде бақша қасынан бір түйе өтті. Пайғамбарды көргенде оның көзінен жас төгілді. Алла елшісі оған жақындап, көзінің жасын сүрткенде әлгі түйе тынышталды. Содан кейін Алла елшісі: «Бұл түйенің иесі кім?»-деп сұрады.  Бір бозбала келіп: «Ол менікі»-деді. Алла елшісі әлгі бозбалаға: «Алладан қорық! Алла саған берген мына жануарға жақсылап қара! Ол маған сенің шамасынан тыс жұмысқа жегетінің және дұрыс азықтандырмайтыныңды айтты»-деді.

Қасқырдың куәлігі

Бұл оқиға Әбу Са‘ида Әл-Худрийден жеткен. Әл-Харра мекенінде қой бағып жүрген қойшының бір қойына қасқыр шабады. Қойшы қой мен қасқырдың ортасына тұра қалады. Сонда қасқыр отыра қалып: «Неге сен менің және  Алла маған берген менің сыбағамның арасына тұрасың?»-дейді. Сонда қойшы: «Таңқаларлық! Қалайша қасқыр отырып, адамша тіл қатты»-деп таң қалады. Қасқырсонда: «Мен саған бұдан да таңқаларлық дүние айтамын. Мұхаммед Пайғамбар адамдарға түскен жаңалықтар туралы айтып жатыр»-дейді. Әлгі қойшы Мединеге барып, орын алған оқиғаны Алла елшісіне баян етеді.  Алла елшісі оны елдің алдына алып шығып, оларға қайталап айтқызады. Қойшы баяндап болғаннан кейін Алла елшісі: «Сен шындықты айттың. Ақыр заманның бір белгісі – жануарлардың адамдармен сөйлесуі болады»-деген екен.

 

Қарағанды облыстық орталық мешіті

Әмина Омарова

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары