Тілдік нұсқа
Радио

мақала

АРАБ ТІЛІНДЕГІ 15 ЕРЕКШЕЛІК
04 мамыр, 2016 жыл 1752 Басып шығару нұсқасы

1. Араб тілінде "с", "т" және "д" дыбыстарының екі нұсқасы бар. Одан бөлек соңғы  т (таа–марбута) екі түрде жазылады. Сондай-ақ араб тілінде "х" дыбысының үш нұсқасы бар.

 

2. Испан және каталон тілдеріндегі көп сөздер араб тілінен енген. Бұл жалпы лексиканың шамамен 10% -ын құрайды. Ал оттомандық түрік тілінде бұл көрсеткіш 80%-дан асқан.  Орыс тіліндегі  «алгебра», «химия», «алхимия», «алкоголь» араб тілінен енген.

 

3. Араб жазуында әріптер оңнан солға қарай жазылғанымен, сандар солдан оңға қарай жазылады.

 

4. Әуелде араб тілінде мүлде нүктесіз (әріптердің үсті мен астында нүктелер болмаған) жазған. Кейін бұл нүктелерді қызыл, көк түстермен белгілеген. Белгілерді кейін формасына қарай ажыратқан. Сондықтан да Құран әртүрлі, жеті тәсілдің бірімен оқылуы мүмкін.

 

5. Испанияда орта ғасырларда ескі испан тілінде, бірақ араб жазуымен жазатын болған. Белорустық араб тілін литвия татарлары қолданған. Ал Қытайдағы мұсылмандар қытай сөздерін араб әліпбиімен жазады.  

 

6. Арабтар кейде бір-бірін түсінбейді. "тіл" мен "диалект" арасындағы айырмашылық едәуір. Араб диалектілерінің арасындағы айырмашылық славян тілдерінің арасындағы айырмашылықпен бірдей.  

 

7. Араб тілінің кең тараған диалектісі – египеттік. Бұл диалектіде шамамен 50 млн. адам сөйлейді.  Араб тілінің египеттік диалектісінде ежелгі египет кезеңінен жеткен сөздер сақталған.

 

8. Араб тілі - қазіргі мальта тілінің атасы. Дегенмен мальталықтардың өзі тілдерінің фин тілінен шыққанын айтады.

 

9. Араб тілінде ағылшын тілінен енген сөздер жоқ. Тұрмыстық қолданыстағы  «телефон», «телевизор», «компьютер» немесе «свитер»  сияқты сөздер ғана бар.

 

10. Әуелде суахилилер араб жазуын қолданған. Ұйғыр, оттомандық түрік, парсы тілдерінде де осы жазу қолданылған.

 

11. Араб әліпбиінде "күн" мен "ай" әріптері бар. Олардың арақатынасы 1х1. "Ай" әріптерінде дыбыстау артиклі бар.

 

12. Егер әріптер жалғанса немесе басқа әріптер жалғаса әріпті жазудың төрт не үш формасының бірі қолданылады.

 

13. Иврит, грек, ескі славян тілдеріндегідей араб тілінде де әріптер сандар мағынасына сай келеді. Бірақ бұл әртүрлі жүйелердің әртүрлі шамалары болып табылады.

 

14. Етістіктің үшінші жағында алты форма бар.

 

15. Араб тілінің кез-келген мәтінде танылатын, кең тараған сегіз сөзі:

في фи

 من мин ‎

 على 'ала

 إن‎ инна

 إلى‎ ила

 كان‎ ка:на

 هذا، هذه ха:ðа, ха:ðихи

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары