Бала күніңде нанның ұнтағын жеп қой. Пәленше сияқты бай боласың деген сөз көп айтылатыны рас. Бұл қаншалықты шындық?
Ас атасы – нан ең қадірлі тамақ. Текті халық баланы жастайынан «Нан қоқымын шашпаңдар, жерде жатса теріп ап, торғайларға тастаңдар» деп тәрбиеледі. Ысырапшылық пен асқа құрмет көрсетпеу ислам дініне де қайшы. Нанды қастерлеу керек. Өйткені бір ауыз нан жеудің 360 қызметкері бар. Біріншісі Микайл алейһиссәлам. Ақырғысы нанды пісірген кісі болғаны риуаят етілген. Сол сияқты дастархан үстіндегі нанның ұнтағын жинап жеу де маңызды. Расулаллаһ (с.ғ.с) бір хадис-шәріифінде:
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) осы хадисі жоғарыдағы сөзімізді растайды. Яғни, ата-аналарымыз біліп айтқан екен. Тағы бір жерлерде: «Дастарханға төгілген нанның ұнтақтарын жинап жеу хурилердің (жәннат қыздары) әдеттері» деп айтылған. Алла елшісі былай бұйырады:
Міне, адамзаттың асыл тәжі – Пайғамбарымыздың өнегелі жолы қашан да үлгі болмақ. Ендеше нан –дастархан байлығы. Ардақты асыл астың қадірін түсініп, аяққа басқанымыз тойынғандық, тәкаппарлық белгісі. Ас атасын құрметтейік!
Пікірлер