Тілдік нұсқа
Радио

мақала

МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ   (ﷺ) ЕСІМІН АЛҒАНДАР ХАҚЫНДА
07 қазан, 2020 жыл 33863 Басып шығару нұсқасы

«Балаларыңа әдемі есім беріңдер!»

Әр адам өмірге келгенде оған есім беріледі. Адамның есімі – оның өмір бойы алып жүретін ныспысы. Оның даралығын көрсететін – негізгі элемент. Ата-ана баласына ат таңдаған кезде ол есімнің баласы үшін берекелі болуына ниет етуі керек.  

«Пайғамбарлардың есімімен атаңдар»

«Алла Тағала үшін ең сүйікті есімдер - Абдулла және Әбдуррахман. Есімдердің ең жақсысы – Харис және Гаммам, ал ең жаманы – Харб және Мурра».

Адам есімінің маңыздылығы

«Расында Қиямет күнінде сендер өз аттарыңмен және әкелеріңнің атымен шақырыласыңдар. Аттарыңды дұрыстаңдар!»

Алла елшісі  (ﷺ) түйе жетектеп әкеліп, оны кімнің сауатынын ойлайды. Ерікті екі адам табылып, түйені сауатын болады. Ол адамның бірінің аты Мурра (ащы)  болатын.  Алла елшісі  (ﷺ) олардың атын естіп: «Отырыңдар!»,-дейді. Үшінші келген адамның аты Джамра («жанған көмір») еді. Оған да «Отыр!»,-дейді. Соңында түйені Яиш (өмір сүруші) атты сахабаға берген екен.

Балаға есімді қашан қою керек?

Самурдың жеткізуінше  Мұхаммед Пайғамбарымыз (ﷺ): «Әр баланың дүниеге келуі құрбандыққа мал шалуға себеп болып табылады. Мал бала туғаннан кейін жетінші күні бауыздалады. Осы күні балаға ат қойылып, шашы алынады»-деген. Бұл хадис алты хадистер жинағының бесеуінде берілген.

Бірақ балаға туған күнінде де ат қоюға болатынын аңғартатын хадистер жеткілікті. Анастың жеткізуінше Алла елшісі (ﷺ): «Түнде дүниеге менің ұлым келді. Мен оны бабамның атымен Ибраһим деп атадым»-деген.

Бұл хадистерден көретініміз, балаға есім берудің белгіленген мерзімі жоқ. Бала туған күні де, жетінші күні де атын қоюға болады.

Жағымсыз есімдер

Тек бір Алла Тағалаға тиесілі есімдерді беруге болмайды. Алла Тағала мен Оның жаратылыстарының арасындағы жалпылама аттарды қоюға болады.

Хадисте: «Қиямет күнінде Маликул-амляк (барлық иеліктің иесі) атты адам Алла Тағаланың ашуын келтіреді. Жаратушы Алладан басқа Ие жоқ»,-делінген.

Айша анамыз Пайғамбарымыздың (ﷺ) жағымсыз есімдерді өзгерткенін жеткізген. Ибн Умардың жеткізуінше Умардың Асия (тыңдамайтын, құлақ аспайтын) есімді қызының атын Пайғамбарымыз (ﷺ) Джамилия (әдемі) деп өзгерткен екен.

Адам есімі тағдырына әсер ете ме?

Са’ид ибн Мусаййибтың атасынан бірде Алла елшісі  (ﷺ): «Сенің атың кім?» -деп сұраған екен. Атасы: «Хазн (мұң)»,-деп жауап береді. Мұхаммед Пайғамбар (ﷺ) оған: «Сен  (есімің) - Сахл (разы)»,-дейді.  Атасы сонда: «Мен әкем қойған атымды өзгертпеймін»,-депті. Са’ид ибн Мусаййиб атасының әрдайым мұңды болғанын жеткізген.

Адам есімінің оның өміріне қандайда бір дәрежеде ықпал ететіні сөзсіз. Себебі адам сол атты өмір бойы алып жүреді. Сол себепті де оның есімі жақсылық шақыруы тиіс.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары