Хазреті Омар халифалығы кезінде бір түні қаланың тыныштығын тексеріп, қадағалау үшін көшелерді аралап жүр еді. Қарауытқан түнде келе жатып бір үйден қатты шыққан дауыстарды естиді. Бір ана қызына былай деп жатқан еді:
- Қызым ертеңгі сатылатын сүттерге су араластырып қой!
- Анашым халифа сүтке су араластыруға тыйым салды емес пе?
- Қызым мына түннің уағында халифаның қайдан хабары болсын, ол қазір төсегінде жатыр.
- Анашым! Халифа ұйықтап жатыр, хабары жоқ дейсіз. Алайда барлық нәпсені білетін, көріп тұрғанбарлық нәрсеге құдіретті Алла Тағала бізді көріп тұр. Қулығымызды адамдардан жасырармыз, бірақ барлық нәрсені білуші және көруші Алладан қалай жасырмақпыз?
Хазреті Омар бұл қыздың көркем мінезіне қатты қайран болды. Кейін ол қызды ұлы Асыммен үйлендірді. Асым екеуінен бір қыз туды. Бұл қыздан әділеттілігімен аты әйгілі болған хазреті Омар бин Абдулазиз хан туылды.
Пікірлер