Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қарынның қамын ойлап...
24 қараша, 2015 жыл 196 Басып шығару нұсқасы

Біз тамақты талғаймыз, таңдаймыз, ұнамаса мұрнымызды бір тыжырып тастай саламыз. Бір тамақтың түрін жей бергеннен жалығып, қарағымыз келмей қалады. Қыстың суық күндері есіңе түскенде ғана әлгі тамақты аңсап сағынасың... Ішер асымызды күні бойы айтуымыз мүмкін, қайдан ішетінімізді, не жейтінімізді суретке түсіреміз, одан қалса жаһанға жар салып жариялаймыз.


Ас әзірлеуге арналған шоу, инстаграм бетіндегі суреттер, мастер-класс тағысын тағы! Бұрынғылар жүрек жалғап, аз да болса күш жинаса қанағат тұтатын, ал қазір тойып тамақ ішпесе жүре алмаймыз.


Сөз жоқ барлығымыз дәмді, тәтті тамақ жегіміз келеді. Бұл жаңалық емес. Ең басты сұрақ аш қарнымызды тойдырту үшін қанша уақыт жұмсаймыз, қанша назар, қанша шығын кетіреміз. Таңның атысы, кештің батысы асқазанды толтыруды ойлаймыз. Ал хадистерде не дейді, үңіліп көрейікші.


Бірде бір кісілер қойдың етін жейін деп жатып, өтіп бара жатқан Әбу Хурайраны (оған Алла разы болсын) тамақ ішуге шақырғанда: «Алла елшісі (с.ғ.с) тойып тамақ ішпестен, (тіпті) арпа нанын да жеместен өмірден озды» (Сахих әл-Бухари, Ас туралы кітап, №5414) деп тамақ ішуден бас тартқан.


Ойға қонымсыз болса да шындық. Менің ең ұзақ аш болған кезім Рамазан айы. Оның өзінде ауыз ашарға дейін тағатың таусылып, тамаққа асығып тұрасың.


Өз қарнымызыдың қамын ойлап, осы күнге дейін ХХІ ғасырда әлемнің түкпір-түкпірінде аш-жалаңаш, бір жұтым суға зәру халық бар екенін естен шығарамыз.


Ал біз болсақ тамақты шұқылап, ең жақсысын таңдаймыз..


«Түүуу, менің саңырауқұлақ жемейтінімді білесің ғой!», «Қуырылған пияздың иісіне шыдай алмаймын, не деген сасық еді!», «Зәйтүнді қалай жеуге болады?» осылайша бәрі қоқысқа кете барады. Тамақпен қоса, жасаған адамның да еңбегі зая кетеді.


Бұл бас тартапай пайдалы, пайдалы еместің бәрін жей беру керек деген ой емес. Бірақ ішер асыңды жамандап, тәкаппарлыққа берілудің де қажеті жоқ. Астың халал болуы әсте маңызды. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с) күмәндансаң жеуден бас тарт деген.


Әбу Хурайра (Алла оған разы болсын) былай деп жеткізеді: «Алла елшісі (с.ғ.с) ешқандай тамақты жамандамаған, ол өзі қалаған нәрсесін жеп, ұнатпаған тағамын үндемей, сол қалпында қалдырды». ((Сахих әл-Бухари, Ас туралы кітап, №5409)


Ең дұрыс шешім осы. Жегің келгенін жеу керек, жүрегің қаламағанына тиіспе. Ал, тамақ үшін өміріңді қиындатып, жүйкеңе ауырлық түсіріп, аузыңды босқа шаршату – ойлануға тұрмайтын іс.


Ал егер асқазанымды тазартамын десең ең дұрысы ораза ұста. Ауыз бекітудің ішкі дүниеңе де, денсаулығыңа да тигізер пайдасы зор. Алла елшісі (с.ғ.с) үйге келгенде Айша анамызға (р.а) жейтін не бар деп сұрағанда? – Еш нәрсе жоқ десе, менде ораза деп уақытын құлшылыққа арнап сабыр қылған.


Мұның барлығын неге айтып отырмын, астың айналасынан ғана шықпайтын әңгіменің көбі қысыр әңгімелер. Қазір адамдар айналасында болып жатқанның бәріне назар салып үлгереді, ал ең басты құндылықтар ұсақ-түйектің көлеңкесінде қалып қояды.


Аударған Аятай Гүлім

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары