Тілдік нұсқа
Радио

мақала

НАМАЗДА ТҮШКІРУГЕ БОЛА МА?
26 ақпан, 2021 жыл 7141 Басып шығару нұсқасы

Түшкіру Алладан. Ал, түшкірген соң оған бөлінген көңіл әрине адамның жеке әрекеті. Сол себепті намаз барысында қандай да әрекет етерде ойланған абзал. Түшкіргенде жиі айтылатын «Құдайға шүкір», «О, Алла, жарылқай көр», «О, Алла сақтай көр» деген сияқты сөздерді намаз барысында айтуға әсте болмайды. Шейх ибн Усейман (оған Алла разы болсын) намазда тұрғанда түшкіру туралы былай деген: «Егер, адам намазда тұрғанда түшкірсе, онда ол хадистерде көрсетілгендей «Альхамдулиллах» деп айтуы керек. Муавийя ибн аль-Хакам (оған Алла разы болсын) өз басынан өткен мына оқиғаны өте орынды мысал етіп келтірген.

«Бірде мен Алла елшісімен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірге намаз оқығанда қатарда тұрғандардың біреуі намаз барысында түшкіріп, сосын «Альхамдулиллах» деді. Сонда мен ол кісіге «Йархамукааллах» де жауап қайтардым. Сол сәт жамағат маған бірден қарай қалысты. Мен «Барлық су сарқылып кетсін, маған неге қарадыңдар?» дедім. Сонда олар алақандарымен кеуделерінен қақты да маған үндемеуімді жеткізді. Мен ол белгіні түсінген сәтте жым болдым. Сосын Алла елшісі (оған Алланың сәлемі  мен игілігі болсын) құлшылығын бітіріп болған соң мені өзіне шақырып алып, жөн айтты. Менің әкем мен анам Оның (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жолында құрбан болсын, мен Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) секілді ұстазды бұған дейін кездестірген емеспін. Алла атымен ант етейін, Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) маған тіпті де ашуланған жоқ, мені зекіп не ұрған жоқ. Жай ғана: «Бұл – шынайы құлшылық. Намаз уақытында Құран сөзі, тәкбір мен тасбих айтуға ғана болады, адамның өз жанын ешқандай сөз қосуына жол жоқ» деп түсіндірді (Муслим).

Бұл хадистен ұғатынымыз Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намаз үстінде түшкірген соң «Альхамдулиллах» деген адамды шеттеген жоқ. Керісінше, құлшылық үстінде түшкірген адам «Альхамдулиллах» деп айту қажеттігін ұқтырды. Бірақ, оны іштей айтқан абзал.  

Намаз – Аллаға құлшылықтың басты діңгегі. Намаз оқып тұрған адам жан-тәнімен Жаратушы Иеге сыйынып тұрады. Оның аузынан шыққан сөзі ғана емес ойы да тек Алла деп тұруы қажет.

 

Балқаш қалалық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары