Тілдік нұсқа
Радио

мақала

100 ТҮРЛІ АУРУҒА ЕМ – ӨСІМДІК ҚОСПАСЫ
14 шілде, 2016 жыл 1122 Басып шығару нұсқасы

Шафран – пайдасы ұшан теңіз керемет қоспа.  Шафранды қолдануды әдетке айналдырғандардың бауыры, қаны тазарып, бетінің реңі кіреді, көңіл-күйді көтереді және барлық ағзаның жақсаруына бірден-бір себепші. Бұл – дәрілердің ең үздігі әрі қымбаты.

Шафран ақуыз бен майға бай, бәрінен бұрын мұнда пайдалы көмірсулар 62 %-ға дейін жетеді. А,С, В витаминдеріне қанық.  Калий, магний, фосфор, натрий, кальций, темір, мырыш, мыс, марганец, селен сияқты минералдарды да осы шафраннан табасыз. Сапалы шафран бір-біріне шырмалған ұзын жіп тәрізді, қара-қызыл немесе қызыл-қоңыр түсті болады. Қолға жұмсақ және өткір иісті. Қоспа қызылкүрең түсті зағыпыранның аналығынан алынады. Зағыпыран жылына 10-15 күн ғана гүлдейді.  Гүлді жинап, оның аналығын теріп алуға қол еңбек керек. Және де күн ашық, құрғақ ауа-райында жинаған дұрыс. Кейін гүлден аналықтарын теріп алады. Бір гүлде 3 тал аналық қана болады. 1 кг шафран жинау үшін 150 000-ға жуық гүл тересіз.

4000 жыл бойы қолданыста жүрген шафранның 90 түрлі ауруды емдеп-жазатыны анықталған.Шафранды ісік ауруларын емдеуде көп қолданады, тіпті ІІІ-ІV сатыдағы қатерлі ісікті кешеуілдетуге қауқарлы. Сонымен қатар, шафранды ыстық сүтпен ішсе, қан айналымын жаңартып,жақстартады, буындарды қатайтып, жүректің және мидың жақсы жұмыс істеуіне, бой өсіруге, нерв жүйесінің қалпына келуіне көмектеседі. Егер дәкемен тарту арқылы емдесе – нервоз, ұйқысыздық, бас ауруларынан айықтырады. Ағзаны әлдендіріп, антиоксидантты яғни ағзадағы қышқылды азайтады. Көздің көруін де жақсартады.

Зәр жолдары мен асқазанда жиналған тастарды отасыз - ақ шафранға бал қосып ішіп, түсіруге болады. Ол тастарды үгітіп, отаның көмегінсіз ағзадан шығарады. Сыртқы жағдайларда күйікке, тері ауруларына тигізер әсері мол.

Заманауи медицинада шафраннан көз тамшыларын және басқа да дәрілер жасайды. Ыстық сүтке қосылған шафран жүйке жүйелесін жақсартып, есте сақтау қабілетін арттырса, ұнтақ дәрісі бауырдың тасын түсіреді. Шафран ислам медицинасында да кең тараған. Алланың жаратылысы болған шафран гүлі мен Құран аяттарын жазып, суға салып ішу де емге дауа. Қасиетті Құранда: «Оның білуінен тыс, жемістердің ешбірі қауашағынан шықпайды»,( Фуссиләт сүресі, 47 аят) – делінгендей бұл да Алла Тағаланың берген несібесі.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары