Әбу Бәкір Разидің (р.а) былай дегені айтылды:
* Иман мүміннің жүрегіндегі бір ағашқа ұқсайды, оның жеті бұтағы бар:
1. Бір бұтағы жүрегіне жетеді, мұның жемісі – мықты сенім;
2. Бір бұтағы тіліне барады, мұның жемісі – тура сөз;
3. Бір бұтағы аяқтарына созылады, мұның жемісі – жамағатпен намаз оқу үшін басқан қадамдары;
4. Бір бұтағы қолдарына созылады, мұның жемісі – садақа беру;
5. Бір бұтағы көздеріне созылады, мұның жемісі – барлық нәрсеге дәріс алу үшін қарау;
6. Бір бұтағы асқазанынан созылады, мұның жемісі– адал жеу, шүбәлі нәрселерді тастау;
7. Бір бұтағы нәпсісіне созылады, мұның жемісі – шәуһаттарға байланысты керексіз армандардан алыс болу.
Пікірлер