Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жатырдағы жаратылысқа қалай жан бітеді?
15 қаңтар, 2016 жыл 6496 Басып шығару нұсқасы

Құран Кәрім адамның көбеюі мен эмбрионның құрастырылуы туралы биология ғылымының негізін құрайтын кейбір мәліметтер бергені соншалық, қазіргі таңдағы білім сол мәліметтерге бертінде ғана қол жеткізді. Бұл өзіндік мәліметтер егжей-тегжейлі түрде түсіндіріледі:


«Ант етеміз! Біз адамды балшықтың маңызынан жараттық. Одан соң оны берік орында (жатырда) шәһуәт тамшысына айналдырдық. Одан соң тамшыны аләқаға (ұрықтанған жұмыртқаға) айналдырдық. Артынан аләқаны кесек етке айналдырдық. Сонан соң осы бір шайнам етті сүйекке айналдырдық. Сүйекті де етпен қаптадық. Соңында оны басқа бір жаратылыспен адам халіне айналдырдық. Жасап-жаратушылардың ең күштісі – Алла аса ұлы!» 1.


Алланың Елшісі (с.ғ.с) жаратылысқа байланысты аяттарға түсініктеме ретінде былай деген:


«Әрбіреулеріңнің жаратылыс ашытқыларың ана жатырында нұтфә (шәһуәт тамшысы) күйінде қырық күн теріліп жиналады. Одан соң (қырық күн ішінде) әләқа күйіне енеді. Сонан соң тағы осылай қырық күн кесек ет (мұдға) күйінде болады. Одан кейін періште жіберіледі де (Алланың бұйрығымен) оған рух (жан) үрлейді әрі рыздығы, ажалы, амалы, жақсы не жаман болатындығын (тозақтық не жәннәттық болатындығын) жазады» 2.


Ана жатырындағы баланың 40-80 күн арасы аләқа мерзімі, 80-120 күн арасы «мұдға/кесек шайналған ет/» мерзімі деп аталады.120- күнінде, яғни ана ұрықтанғаннан кейінгі төртінші айдың басында, іште жатқан жансыз бейнеге періште жіберіліп, рух (жан)үрленеді. (Адамда екі рух бар. Жәнин – жатырда ең әуелі халқ (жаратылыс) әлемінен келген рухпен өсімдік тәрізді өмірін жалғастырады. Халқ әлемінен келген осы рух денемен бірге өледі. Ал екінші рух әмір әлемінен келген.Алла Тағала Құран Кәрімде: «Мен оған (адамға)пішін берген және рухымнан үрлеген уақытта...» (Хижр, 29)деп баяндаған жағдай.Оған өлім жоқ. Қиямет күні оған қайтадан дене кидіріледі.)


Құран Кәрім мен хадис шәриф білдірген бұл мәліметтер мен қазіргі таңдағы биология ғылымы деректері салыстырылғанда, араларында ешбір қарама-қайшылық болмай, бір-біріне дәлме-дәл түсетіні байқалады.


Әлемде бұл шындыққа көзі жетіп, Құранды растаған мұсылман емес эмбриология мамандарының саны көптен-көп. Солардың бірі Канаданың Торонто Университеті Эмбриология кафедрасының прфессоры доктор Кеитч Л.Мооре.


Профессор, доктор Кеитч Л. Мооре эмбриология туралы жазған еңбегінде адам баласының ана жатырындағы даму мерзімдерін түсіндіре келе бұл мәліметтерді Құран аяттарымен салыстырады. Сөйтіп білімнің Құран Кәріммен сәйкес екенін, тіпті, Құран берген мысалдар мен түсініктемелер қазіргі медицина ілімінен көш ілгері екендігін мойындайды.


«Ислам ғылымхалы (дәлел-дәйектермен)»


Хайреттин ӨЗТҮРІК



1 М’үминун, 23/12-14.


2 Бұхари, Қадәр,1; Мүслим, Қадәр,1; Әбу Дәуіт, Сүннет, 16/4708.


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары