Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ҚҰРАН КӘРІМДІ ТҮСІНДІРУШІ, БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ АБУ АБДИЛЛЯХ ӘЛ-КУРТУБИ МЕШІТ ЭТИКАСЫ
28 қазан, 2016 жыл 702 Басып шығару нұсқасы

Істеу керек:

  1. Дәретті болу
  2. Таза киім кию және хош иістену, бірақ қатты болмауы керек
  3. Мешітке оң аяқпен кіру
  4. Аяқ киім шешу
  5. Мешітке кіргенде егер жамағат намаз оқып жатпаса, ішіндегілерге сәлем беру
  6. Мешіт ішінде ешкім болмаған жағдайда «Ассаляму алайни уә аля ибадилляхис салихин» (Алланың сәлемі біздерге және салихалы құлдарына болсын) деп айту керек
  7. Алла үйіне келгеннен кейін екі рәкағат сәлем намазын оқыған абзал.
  8. Намаз оқуға рұқсат етілмейтін уақыттар: 1) таң намазы кіріп қойса, күн шықпайынша оқуға болмайды. 2) күн тас төбеде тұрғанда; 3) Екінті намазы кіргеннен кейін күн батқанша; 4) Хұтба оқылып жатқан кезде
  9. Мешітте болғанда көбірек зікір жасау
  10.  Парыз намазы басталарда жамағат сап түзеп, араларында орын қалмайтындай бір-біріне жақын тұрып дайындалу
  11.  Кешігіп қалсаңыз бос орынға тұра салған дұрыс
  12. Мешіттен оң аяқпен шығу

Істеуге болмайды

  1. Мешітке барарда иісі қатты шығатын әтір сеппеу, пияз бен сарымсақ жемеу
  2. Мешітте жеке кәсіпке байланысты қандай-да бір бітімгерлік, шарт жасасуға болмайды
  3. Жоғалған затыңды жар салып іздемеу
  4. Дауыс көтеріп сөйлеуге, шу шығаруға, телефонмен сөйлесуге болмайды
  5. Дүние затын айтуға
  6. Көп адам болғанда сапқа қыстырылысу
  7. Намаз оқып жатқан адамның алдынан өтуге
  8. Жаныңдағыларға кедергі келтіретін жағымсыз дыбыстар шығаруға
  9. Мешітке ақыл-есі дұрыс емес жандарға, әйелдердің етеккірі келгенде және мас күйінде немесе есірткі қолданса кіруге болмайды
  10.  Елдің мазасын алуға
  11.  Азан оқылып жатса, мешіттен шығып кетуге болмайды
  12. Аяғыңды Қағбаға қаратып отыруға болмайды

Сондай-ақ, Куртуби бұл әдептерді орындаған жа үшін мешіт шайтаннан қорғайтын жер болып табылады деп жазды.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары