Біздің дініміз – бейбітшілік, махаббат пен мейірім діні. Сүйіспеншілікті тарату оның ажырамас бөлігі ал, сыйлық соның құралы. Сыйлықтар тарту ету біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүннеті. Хадисте: «Сыйлық сыйлаңдар, сонда араларыңда сүйіспеншілік, бір-біріңе деген құрметтерің артады» - делінген.
Осы сыйлық сыйлауға қатысты әдеп ережелеріне тоқталсақ:
- Сыйлық сыйлаудағы шынайы мақсат – өзара қарым-қатынасты бекітіп, сүйіспеншілікті арттыру арқылы Алла разылығына ұмтылу болуы керек.
- Сыйлықты көпшіліктің алдында емес, жеке жерде берген абзал. Сіз сыйлық сыйлаған жан ол сыйлықты қашан, қай жерде ашып көремін десе де құқылы.
- Сыйлықты алғаннан кейін бірден оны сыйлаған адамның көзінше басқа бір жерге алып тастауға болмайды. Себебі бұл оны ренжітуі мүмкін.
- Сыйлық алғанда ысырапқа, артықшылыққа (жағдайыңызды қиындататындай) жол бермеген жөн. Және сараңдық та танытпау қажет.
- Егер адам сыйлықты алудан бас тартса сыпайы түрде бас тарту себебін сұраңыз. Және мұны болашақта ескерген абзал.
- Сыйлық сыйлаудағы ой – тек шынайы сезім мен сый-құрмет болуы керек. Ал өзге бір мақсатты көздеу – мұсылманға жат.
- Қандайда бір пайда алу мақсатында берілген сыйлық - сыйлық емес, пара есепті.
- Егер сыйлық сыйлаудағы мақсат – мәңгілік өмірде тыныштық табу болса, бұл да сыйлық болмайды. Бұл садақа есепті.
- Сыйлықты өзіңіз сенетін, тақуа, ой-ниеті дұрыс адамдардан қабылдаған абзал.
- Адамды ыңғайсыз жағдайға қалдыратын, ол алуға қиналатын сыйлықтар сыйламаған абзал.
- Берген және алған сыйлықты баршаға жариялаудың, мақтанудың қажеті жоқ. Сыйлыққа сыймен, сыйлықпен жауап беру қажет. Сыйлыққа сыйлық қайтарар жағдай болмаса, міндетті түрде алғыс білдіру керек.
- Сыйлықтан арзандығы, сапасыздығы немесе аздығы себепті бас тартуға болмайды.
- Мақтаншақтық немесе тәкаппарлық себебінен сыйлықтан бас тартуға болмайды.
- Сыйлықты алғаннан кейін оның бағасы, көлемі, сапасы жөнінде оны сыйлаған адамнан сұрамаған жөн.
- Сыйлықты алғаннан кейін оның иесі оны қалай жаратам десе де құқылы.
- Сыйлықты кері қайтарып алуға болмайды.
- Харам болып табылатын сыйлықтарды беруге болмайды.
Пікірлер