Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбарымызға ﷺ  ұнамаған шаш үлгісі
29 наурыз, 2021 жыл 2926 Басып шығару нұсқасы

Алла елшісі ﷺ нәзік жандылардың ерлерге ұқсас етіп шаш үлгісін қоюына бірауыздан қарсылық білдірген. Яғни, желке тұсы көрініп тұратындай етіп шолтитып тастау мүлдем дұрыс емес. Алайда шаштың ұшын ұштауға, ұзындығын қысқартуға ешқандай қарсылық жоқ. «Әйелдерге шаш қию деген ұғым жоқ, оларға тек қысқартуға болады», - деген хадис те сөзімізге дәлел.

Шашты тықырлап алуға тек ер адамдарға ғана рұқсат. Оның өзінде де жартылай тықырлап, үстін қалдырып қою құпталмайды. Бұл туралы Ибн Омар(р.а) «Алла елшісі ﷺ бастың жарты бөлігін ғана қыруға тыйым салды» - деген хадисін жеткізеді. (әл-Бухари; Муслим). Ал, көріп жүргеніміздей мұндай шаш үлгісін көпшілік жігіттерден байқау қиын емес. Ибн Аббас (р.а) риуаят еткендей: «Расулалла ﷺ  еркекке ұқсаған әйелдерді, әйелдерге ұқсаған ерлерді қарғыс атсын деген».

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары