Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тұмар тағуға бола ма?
13 қыркүйек, 2021 жыл 3931 Басып шығару нұсқасы

        Жалпы тұмар тағуды Пайғамбарымыз ﷺ тыйғаны рас. Ол өзінің бір хадисінде: «Кім тұмар тағатын болса, Алла тағала оған денсаулық бермесін»[1] десе, басқа хадисте «Кім тұмар тақса, Аллаға серік қосқаны» делінген. Осыған қарап ғалымдардың бір тобы тұмар тағу дұрыс емес, ол шариғатқа теріс деген пікірде.

Әйтсе де кейбір ғалымдар «Ішінде Құран аяттары жазылған тұмарды тағудың әбестігі жоқ»[2] және «аталмыш хадистерде тұмардан медет тілеуге тыйым салынған, ал Құран аяттарын таққан адам Аллаға сыйынары анық» деп Құран аяттары жазылған тұмарды тағуға рұқсат берген[3].

Дегенмен, Құран аяттары жазылған тұмарды да тек сабилерге таққан дұрыс. Ал үлкен кісілер Құран аяттарын жаттап алып күнсайын ұйқыға жатар кезде өздеріне дем салып жүруі ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ сүннетіне жатады[4]. Яғни бұлай жасаудың бұл дүниедегі пайдасымен бірге сауабы да болмақ. Өйткені Абдулла бин Омар Пайғамбардан ﷺ үйренген дұғаны сәбилерге тұмар етіп тағып, ересек балаларға жаттататын болған[5].

[1] Ахмәд – 16781;
[2] ИбнАбидин – 9/523 бет.; Әл Маусуғатуль Фиқһия – 14/30 бет
[3] Құртуби тәпсірі, Исра сүресі 82 аят – 10/319-320 бет
[4] Тирмизи, Дағауат – 3402.
[5] Тирмизи, Дағауат – 3528.
Абдусамат Қасым

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары