Тілдік нұсқа
Радио

мақала

КІМДЕРМЕН НЕКЕЛЕСУГЕ БОЛМАЙДЫ?
06 ақпан, 2017 жыл 3462 Басып шығару нұсқасы

Дінімізде ер кісіге үйленуге болмайтын әйелдер қауымын екі категорияға бөліп қарастырады: 1. Өмір бойы бір-бірімен үйленуге болмайтындар: Жақын туған-туыстары. Олар: аналары мен әжелері; бірге туған әпкеқарындастары және  олардың қыздары мен немерелері; Сонымен қатар, әкесі не шешесі бөлек әпке-қарындастары және  олардың қыздары мен немерелері де үйленуге болмайтын кісілер қатарында;  бірге туған немесе әкесі бір, шешесі бөлек, не шешесі бір әкесі бөлек аға-інілерінің де қыздарымен және немерелерімен некелесе алмайды[1]. Сондай-ақ, әке жағынан ағайын әпке-қарындастарымен және нағашы әпке-қарындастарымен[2] де үйленуге болмайды.            Сүт бауырлары: Әйелдің  туған баласы туысқандарынан кімге үйлене алмаса, сол секілді сүт емген бала да олармен некелесе алмайды[3]. Айта кететін маңызды нәрсе, «сүт бауырлыққа» байланысты үкімдер тек сол емшек емген балаға ғана қатысты. Оның (әлгі сүт анадан ембеген) аға-інілеріне және әпке-қарындастарына қатысы жоқ[4].        Құдандалы туыстар[مُصَاهَرَ [  )ة 5): Қайын аналары мен әжелері; өгей қыздары мен олардың қыздары және немерелері; өгей ұлдарының қыздары мен немерелері[6]; өз ұлдарының әйелдері мен немерелерінің әйелдері (келіндері);  өгей аналары[7].        2. Уақытша үйленуге болмайтындар: Бұл категориядағы кісілермен некелеспеу – уақытша кедергілерге сүйенеді. Кедергілер жойылысымен, некелесу құқы туындайды. Олар:         Өзгенің некесіндегі әйелдер. Бір әйел ерімен ажыраспайынша немесе одан жесір қалмайынша өзге еркекпен некелесе алмайды[8].         Иддәт мерзіміндегі әйелдер. Күйеуінен жесір қалған әйел[9] немесе ажырасқан әйел[10] өзге ерге тұрмысқа шықпай тұрып, белгілі бір мерзім күтеді. Бұны шариғатта «иддәт мерзімі» дейді[11].  Аталмыш мерзімі бітпей, тұрмысқа шығуына тыйым салынады.           Апалы-сіңлілі екеуін бір некеде ұстау. Ағайындас апалы-сіңлілерді бірге бір некеде ұстау –харам[12]. Ағайындас апалы-сіңлілер деп мыналарды атауға болады: бірге туған әпке-сіңлілері; әке жақтан әпке-сіңлілері;  нағашы әпке-сіңлілері;  ағаәпкелерінің қыздары  [13].               Төрт әйелі бар кісі – бесінші әйелді ала алмайды. Оны алу үшін, некесіндегі біреуін талақ етуі шарт. Себебі, шариғатта ең көбі  - төрт әйел ғана алуға рұқсат берілген. Үш талақпен ажырасқан әйел[14].         Өзге діндегі қыз [15]. Бір мұсылман жігіттің өзіне жар еткісі келген қызы – мұсылман   немесе христиан не яһуди дініндегі  қыз болуы тиіс[16]. Бұлардан өзге діндегілерді алуына рұқсат жоқ.             Ал, мұсылман қыз  тек мұсылман жігітке тұрмысқа шыға алады. Өзге діндегілерге күйеуге шығуы тыйым салынады[17].  Өйткені әйел өз еріне тәуелді. Мұсылман емес ері, әйелдің әлсіздігін пайдаланып, оның наным-сеніміне кері әсерін тигізіп, намаз, ораза сияқты діни амалдарын орындауға кедергі жасайды. Оның үстіне дүниеге келген ұрпақтары өзге діндегі әкесінің дініне өтетіні мәлім. Бұл – Исламның мұсылман ұрпағын көбейту түсінігіне теріс. Өйткені ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у):«Үйленіңдер және көбейіңдер! Қиямет күні үмметімнің көптігімен мақтанамын», – деген. Қорыта келе айтарымыз,  «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» - демекші өркениетті қоғамды құрайтын басты фактор - баянды отбасы. Оның баяндылығы мен беріктігі кейбір мәселелерге мән берудің арқасында туындайды. Соның бастапқы қадамы – пәк неке, таза ұрпақ алып келу. Оған қол жеткізу үшін Ұлы жаратушы Иеміздің пенделеріне міндеттеген үкімдеріне аса мән беруіміз керек.

[1]Тәсһилуль Қудури – 2/7 бет. [2]Ниса – №23 аят. [3]Ниса – №23 аят; Сахих Бухари [4]Проф.Доктор У.Зухайли, әл-Уәжиз – 3/65 бет. [5]Қыз  алысып, қыз беріскен, сүйек шатысы бар (адамдар). Қ.Ә.С.;  құдалық арқылы дос, жолдас болған адамдар. (مُصَاهَرَةٌ - вступление в родственные отношения путём брака) [6]Фатауа әл-Һиндия – 1/302 бет: Бірақ анасымен қатынасқа түспеген болса немесе онымен оңаша қалмаған   болса ол басқа; [7]Ниса сүресі – №23-аят. [8]Ниса сүресі – №24-аят. [9]Бақара – №235 аят. [10]Бақара – №228 аят. [11]Мына сілтемеге кіріңіз: http://muslim.kz/kk/question/434-iddat-mezgili-bitpei-qiylgan-neke-ne-bolmaq. html [12]Ниса сүресі – №23 аят. [13]Фатхул бари – №4819 хадис.; Хидая – 3/13 бет.; Осындай некенің үкімі: бір некедегі апалы-сіңлілі екеуінің қайсысын  екінші кезекте некелеген болса, соның некесі бұзылады да, бірінші кезекте қиылған некесі сол күйінде қалады. Ретін білмеген жағдайда екі неке де бұзылады.

(Проф.Доктор У.Зухайли, әлУәжиз – 3/73) [14]Бақара – №230 аят. [15]Бақара – №221 аят. [16]Маида – №5 аят. [17]Мүмтахина – №60 аят.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары