Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбарымызға ﷺ салауат айтудың кейбір үлгілері
09 қыркүйек, 2021 жыл 156630 Басып шығару нұсқасы

1. Оқылуы: «Аллаһуммә салли алә сәиидинә Мұхаммәд»

2. Оқылуы: «Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм»

3. Оқылуы: «Аллаһуммә салли ‘алә сәййдинә Мухаммәдин уә ‘алә әәли сәййдинә Мухаммәдин кәмә салләйтә ‘алә сәййдинә Ибраһимә уә ‘алә әәли сәййдинә Ибраһимә иннәкә хамиидун мәжиид»
- Мағынасы: «Уа, Алла тағалам, хазреті Ибраһимге (ғ.с.) және оның отбасына салауат еткеніңдей (мейірімің мен разылы-ғыңа бөлегеніңдей) хазреті Мұхаммедке (с.ғ.с.) және оның отбасына салауат еткейсің. Шын мәнінде, Сен бар мақтау мен мадаққа лайықсың әрі ең Ұлысың!».

4. Оқылуы: «Аллаһуммә бәәрик ‘алә сәййдинә Мухаммәдин уә ‘алә әәли сәййдинә Мухаммәдин кәмә бәәрактә ‘алә сәййдинә Ибраһимә уә ‘алә әәли сәййдинә Ибраһимә иннәкә Хамиидун Мәжиид».
- Мағынасы: «Уа, Алла тағалам, хазреті Ибраһимге (ғ.с.) және оның отбасына береке бергеніңдей, Мұхаммедке ﷺ және оның отбасына да береке бере гөр. Шын мәнінде, Сен – бар мақтау мен мадаққа лайықсың әрі ең Ұлысың!»

Ислам ғалымдары жоғарыда айтылған аят, хадистерге сүйене отырып, Пайғамбарымыздың ﷺ аты аталғанда бір рет салауат айтудың үкімін уәжіп, егер бірнеше рет Алла елшісінің аты аталса, салауат айту мұстахаб, яғни сауапты іс деген.
Жалпы Пайғамбарымызға ﷺ айтылған салауат оның салауатқа мұқтаждығынан емес, сол салауат арқылы біздердің дәрежемізді Алла көтеретіндіктен және Пай-ғамбарымызға ﷺ құрмет көрсету арқылы оның шапағатына кенелетіндіктен айты-лады.
Тіпті салауат айта отырып тілеген тілектің қабыл болатыны жайлы да хадистер бар. Соның бірін Омар (р.а) былай жеткізеді: «Жасалған дұғалар, жеріне жетпестен бұрын жер мен көктің ортасында тұрады. Ол Пайғамбарымызға ﷺ салауат айтқан кезде ғана жетеді» (Тирмизи 486), – десе, тағы бір хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Маған ат үстіндегі жолаушының су торсығына қарағандай қарамаңдар. Дұғаларыңның басында, ортасында және соңында менің атыма салауат жолдаңдар!», – дейді (Тирмизи).
Бұл жердегі маңызды мәселе, адам су торсыққа шөлдеген кезде қарайтыны секілді Алла елшісін де керекті кезде ғана еске алып салауат айтпай, үнемі салауат айтып жүру керектігі жайлы ескертуінде үлкен мән жатыр.
Бұдан шығатын қорытынды, Алла елшісіне ﷺ салауат айтудың түпкі мәнін жете түсіне бермесек те, исі мұсылман баласының өте маңызды істерінің бірі деп ұғынғанымыз жөн. Өйткені Құрандағы аяттың өзі Пайғамбарымызға ﷺ Жаратушы Иеміз Алла тағала және періштелердің салауат айтатынын ескертуі тектен-тегін емес. Егер салауат жаудыру Пайғамбардың шапағатына бөленуге сеп болса, онда бұл мәселеде мейлінше ыждаһаттылық таныту қажет. Өйткені, Құранда Алла тағала: «…Оған жақындау үшін себеп іздеңдер…» («Мәидә» сүресі, 35-аят), – деп Хаққа жақындау үшін себептерге жүгінуге шақырған. Сүйікті Пайғамбарымыздың ﷺ атына айтылатын салауат Жаратушыға бір табан жақын-дауымызға жол ашса, онда оны үздіксіз қайталаудан жалық-пауға тиіспіз. Сондай-ақ, біз Алланың хазреті Мұхаммедке ﷺ нәсіп еткен биік мәртебесіне құрмет көрсету керекпіз.
Адамзаттың мақтанышы Мұхаммедке ﷺ арнап салауат айтып, сәлем жол-даудың артықшылығы мен сауаптылығы мол. Салауат айтқан адамның оның шапа-ғатына бөленетіні жайлы Әбу Дәрда (р.а.) жеткізген бір хадис-шәріпте Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім таңғы және кешкі уақыттарда маған арнап он рет салауат айтып, сәлем жолдаса, қиямет күні менің шапағатыма бөленеді», – деген.
Алла тағала елшісінің ﷺ шапағатына бөленуімізді нәсіп етсін! Әмин!

✏ Алтынбек Ұтысханұлы

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары