Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Рамазанды дұрыс қарсы алуға 7 амал
03 наурыз, 2017 жыл 768 Басып шығару нұсқасы

     Мұсылмандар үшін ең ұлық мереке – Рамазан. Мұсылман баласы бұл мерекені асыға күтеді. Биылғы Рамазан айына да екі айдан аз уақыт қалды. Ал Рамазан айының алдындағы екі ай, яғни қазіргі Ережеп айы мен Ережептен кейінгі Шағбан айының да маңызы зор. Бұл айларда жасалған жақсылықтың  сауабы мол. Осы екі айда Рамазанға дайындалатын үлкен мүмкіндік бар. Сонымен Рамазанға дайындалудың, дұрыс қарсы алудың 7 амалына тоқталайық:

Рамазан басталмай тұрып ауыз бекітіңіз. Яғни алдыңғы қасиетті екі айда нәпіл ораза ұстаңыз. Сонда Рамазанда ауыз бекіткенде қиналмайсыз.

Өзіңізді ұстамдылыққа үйретіңіз (рухани, физикалық тұрғыдан). Ораза ұстасаңыз бұл сізге жеңіл болмақ. Себебі ораза – ас пен судан бас тарту ғана емес, өзіңізді рухани тұрғыдан шыңдау, тазарту. Егер өз өзіңізге есеп беруді, әр ісіңіз бен сөзіңізді қадағалауды бүгіннен бастасаңыз Рамазанды ұстамдылықпен, төзімділікпен өткізетініңізге кепілдік бар.

Балаларыңызды дайындаңыз. Оларға Рамазан, алдындағы қасиетті айлар туралы айтыңыз.

Үйде Рамазанға дайындықты бастаңыз. Ол туралы ойлаңыз, айтыңыз, жоспар құрыңыз. Қасиетті айлардың күнтізбесін іліп қойсаңыз да болады.

Міндетті түрде өз денсаулығыңызға қараңыз, ұзақ оразаға дайындаңыз. Созылмалы сырқаттарыңызды емдеңіз, дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Алдыңғы екі айдағы нәпіл оразалар Рамазанда ағзаның шаршамауына көмектеседі.

Құран оқып үйреніңіз. Қасиетті Рамазан кезінде Құран оқығанның сауабы артады.

Білім алыңыз. Білетіндер көп жетістікке жетпек. Діни біліміңізді бүгіннен бастап арттырыңыз. Рамазанда ол біліміңіз өте қажет болады.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары