Пайғамбарымыз ( с.ғ.с.):
«Ең жақсы үй жетімге дұрыс қарағандар. Ал, ең жаман үй – оларды ренжіткендер» – дейді.
Ал, Аллаһ тағала Құран Кәрімде:
«Жетімді қорлама!» (Дуһа сүресі, 9-аят) - деп қатаң ескерткен.
Хазреті Пайғамбар ( с.ғ.с.) сахабаларынан:
«Бүгін кім жетімнің басынан сипады? Аурудың көңілін сұрап бардыңдар ма? Жаназаға қатыстыңдар ма?» - деп үнемі сұрайтын.
Тағы бір хадисінде:
«Мен және жетімнің қамқоршысы жәннатта осылай жақын болады»- деп ортаңғы және сұқ саусақтарын біріктіріп көрсеткен.
Бір күні пайғамбарымызға ( с.ғ.с.) сахабалары келіп, ешкімге мейірі жоқ қатал адамның жүрегін қалай жібіту керектігі жайлы сұрайды. Сонда Аллаһ елшісі ( с.ғ.с.): «Жетім-жесірлерге қарайласып, пақырларды тойғызсын!» - деп өсиет айтады.
Демек, жетімнің басын сипау арқылы адам кемелдене түседі.
Пайғамбарымыздың ( с.ғ.с.) өзі 6 жасында анасынан айырылып, тұл жетім болып қалған еді. Әкесі Абдулла ол дүние есігін ашпай жатып-ақ, қаза тапқанын жақсы білесіздер. Аллаһ тағала сүйікті құлына пайғамбарлық дәреже беріп, бұл дүниеде және ақиретте мәртебесін көтеріп қойды.
Ақын Мехмед Аслан жетімдер жайлы былай дейді:
Аллаһ – жетімнің иесі,
Ренжітсең тиеді киесі.
Қарқаралы ауданы «Құнанбай қажы» мешітінің Бас имамы Асқар Мейрамбекұл
Пікірлер