Кез-келген халал (нәжіс емес), ағаш, шыны, темір мен мыстан және т.б. жасалған ыдыс-аяқты қолдануға рұқсат етіледі. Нәжісті материалдан, мысал үшін иленбеген жануар терісінен жасалған ыдыстарды қолдануға болмайды. Сондай-ақ күміс пен алтыннан жасалған ыдыс-аяқты қолдануға және сақтауға тыйым салынады, бірақ алтын мен күміс жалатылған ыдысқа рұқсат, алтын мөлшерде өте аз болуы керек. Алтын, күміс ыдыс-аяқтан бөлек осы екі металдан жасалған басқа бұйымдарды қолдануға тыйым салынған. Мысал үшін, сағат, тарақ және т.б. аталмыш заттарды қолдануға салынған тыйым ерлер мен әйелдерге бірдей. Тек әйел адамдарға алтын мен күмісті әшекей ретінде ғана тағуға рұқсат етіледі. Ал күнделікті қолданатын зат ретінде қолдануға болмайды.
Сондай-ақ ыдыстың жарылған жерін тек күміс құйып жамауға болады. Әдеттегі ыдысты күміспен безендіруге де болады. Бұл арада алтынға рұқсат етілмейді.
Алтын мен күмістен жасалған ыдыс-аяқты қолдануға тыйым салынғанымен, басқа материалдардан жасалған қымбат ыдыс-аяқтарды қолдануға шектеу жоқ. Мысал үшін алмас, жақұттан және т.б. жасалған ыдыстар.
Пікірлер