Науқасқа Құрандағы «Фатиха» сүресін жеті рет, «Бақара» сүресінің алғашқы бес аятын, «Аятүл күрсі» аятын, «Ықылас», «Фәләқ», «Нас» сүрелерін үш реттен, және т.б руқиия, яғни дем салуда пайдаланылатын шипа аяттарын, сондай-ақ шипа дұғаларын оқып, аз ғана түкірік араластырып сүфілеу керек. Бұл рәсімді «дем салу» деп атайды. Алла Тағала Құранда: «Құраннан, мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз...» деген. («Исра» сүресі 82-аят). Сонымен қасиетті Құрандағы руқиия аяттары төмендегідей:
«Фатиха» сүресі;
«Бақара» сүресі, 1-5 аяттары;
«Бақара» сүресі, 163-165 аяттары;
«Аятул-Курсі» («Бақара» сүресі, 257-аяты);
«Бақара» сүресі, 284-286-аяттары;
«Әли Имран» сүресі, 1-5 –аяттары;
«Әли Имран» сүресі, 18-аяты;
«Әли Имран» сүресі, 26, 27-аяттары;
«Аъраф» сүресі, 54, 55, 56-аяттары;
«Аъраф» сүресі, 117, 118, 119-аяттары;
«Юнус» сүресі, 79, 80, 81, 82 –аяттары;
«Та һа» сүресі, 65, 66, 67, 68, 69-аяттары;
«Му’минун» сүресі, 115, 116, 117, 118-аяттары;
«Хашр» сүресі, 21, 22, 23, 24-аяттары;
«Саффат» сүресі, 1-5-аяттары;
«Рахман» сүресі, 31, 32, 33, 34-аяттары;
«Мүлк» сүресі, 3, 4-аяттары;
«Қалам» сүресі, 51, 52-аяттары;
«Жын» сүресі, 3-аят
«Кәфирун» сүресі;
«Ықылас» сүресі;
«Фәлақ» сүресі;
«Нас» сүресі .
Пікірлер