Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мұндай адамға «тозақтағы орнына дайындалсын» деген
11 сәуір, 2017 жыл 2113 Басып шығару нұсқасы

Ұрлық, тартып алу, қулық немесе алдау арқылы мал табу, біреудің дүниесіне зиян келтіру, жəне де біздің заманымызда кеңінен етек жайған пара алу сияқты əділетсіздік арқылы табылған дүние кісі ақысына жатады. Аллаһтың əмірлеріне құлақ аспай, осындай күнə жасаған пенде дереу тəубе етіп, біреудің көз жасымен қайғысының үстінен тапқан дүниесін иесіне қайтарып, иесінен кешірім сұрауы керек. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) біреудің ақысын жеу арқылы табылған дүние жəне де

тілімен адамдардың намысына тию арқылы біреудің ақысын жеу туралы былай дейді: «Егер біреу бауырының намысына немесе дүниесіне рұқсатсыз тиіссе, алтын мен күміс болмайтын қиямет-қайым келмей тұрып, оның ризашылығын алсын. Олай жасамаған жағдайда, жасаған сауаптары керегінше ақысы желінген адамның амал дəптеріне жазылады. Сауабы аздық еткен жағдайда ақысы желінген адамның күнəлары ақысын жеген адамның амал дəптеріне жазылады». Біреудің ала жібін аттау арқылы табылған малда береке болмақ түгілі, арам саналады. Соған байланысты Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Кімде-кім өзінің меншігінде емес затты иеленбек болса, ол адам бізден емес. Ол тозақтағы орнына дайындалсын» деп, кісі ақысының қаншалықты маңызды екенін айтып өткен. Біреу арам жолмен тапқан малын заң жүзінде өз атына жаздырса да, шариғат бойынша малдың адал болып саналмайтыны сөзсіз. Шариғат ол адамнан дүниені иесіне қайтарып, кешірімін дер кезінде сұрауды талап етеді. Енді малды иесіне қайтаруға қатысты кейбір жағдайларға тоқталайық. а. Ақысы желінген кісі белгісіз болса Ақысы желінген кісі белгісіз болып немесе артында бірде-бір ұрпақ қалмаған жағдайларға кезігіп жатамыз. Бұл жағдай екі түрлі реттеледі. 1) Жеке меншік мал. Иесі белгісіз харам мал сол иесінің атынан кедей-кепшіктерге садақа етіледі. Бұл кезде қолындағы кісі малын садақа еткен адам ешқандай да сауаптан дəметпейді. 2) Ортақ мал. Малдың белгілі бір иесі болмаса, күнəсінен тазарып кешірім алу үшін бұл харам малды барша мұсылмандардың игілігіне жұмсалатын жеріне берілгені дұрыс. Кейде қолдануға харам затты түпкі иесіне немесе мұрагерлеріне апарып беру айтарлықтай қауіп төндіруі де мүмкін. Ақысы кетіп, көп жыл жоқшылық тартқандар ізгі ниетпен тəубе еткен əлгі кісіге ондайда тарпа бас салып, қанауға-тонауға мысал етуге болады. Мұндай жағдайда ол заттың егесін жоққа санап, тыныш жүре берген дұрыс. Ал егер бұлай болмай жатса, зат иесінің де, өзінің де кешірілуін сұрап көбірек дұға еткен дұрыс. Жəне де қолданылған дүние мөлшері шамалас затты сауапты іспен айналысатын мекемелерге бағыштау да Аллаһтың кешіріміне себеп болуы мүмкін. Бұл да мұсылмандарға ұсынылатын шешім. ә. Ақысы желінген адам белгілі болса 1) Белгілі арам дүние: Ақысы желінген адам мен желінген дүние мөлшері белгілі болған жағдайда алынған зат кері қайтарылып, ақысы желінген адамның кешірімін алу керек. Алынған дүниенің қаз-қалпында қайтарылуы өте маңызды. 2) Кісі ақысын жеу арқылы алынған дүние таусылып, не жоғалып қалған жағдай: Иемденген арам дүние жоғалып, немесе таусылып қалған кезде істеген қателігінің дұрыс еместігіне көзі жетіп, иесіне бəрін қайтарғысы келген жағдайда көңіл бөлуі керек шарттар; а) Мөлшері белгілі жағдай: Егер алынған дүниенің мөлшері белгілі болса, сол мөлшерде қайтарылады. ə) Мөлшері белгісіз жағдай: Мөлшері белгісіз болған жағдайда шамамен сол мөлшерде қайтарылып, артынан міндетті түрде ақысы желінген адамның ризашылығы алынады.

"Ала жіпті аттама"

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары