Пайғамбарымыздың баяндауынша, Мәдина қаласындағы «ажуә» деген құрманы таңертең жеген адамға бір күн бойы улану мен сиқыр әсер етпейді.
Бір хадисте былай делінген: «Асқазан – дененің қауызы. Тамырлар соған қарай ашылады. Егер асқазан саулықты болса, тамырлар (денеге) саулық жеткізеді.
Егер асқазан бұзылса, тамырлар (денеге) кесел жеткізеді». Ауруға жол ашатын себептердің бірі хадисте былай түсіндірген: «Ыдыстарыңның бетін жауып жүріңдер, дорбаларыңның аузын байлаңдар. Себебі, жыл ішінде бір түн бар, сол түні оба түседі. Беті ашық қалған ыдыстар мен аузы байланбаған дорбалардың бәрінің ішіне кіреді». Кейбір хадистерде денсаулығымызға пайдалы кеңестер де ұсынылған. Мысалы, «исмид» деген сүрменің адамның көз нұрын арттырып, шашты өсіретіні айтылған.
Пікірлер