Ислам дінінде адамның денсаулығына қатты мән берілген. Себебі, адам баласының бұл өмірге және ақыретке қатысты міндеттерін атқара білуі денінің саулығымен тығыз байланысты. Сол үшін Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһтан кешірім және амандық-саулық тілеңдер. Себебі, адам баласына яқиннен (терең иман) кейін амандық-саулықтан артық нәрсе берілмеген (яғни одан артық нәрсе жоқ)» – деген. Деннің саулығы жайында келесі хадисінде былай дейді: «Аллаһ тағаладан сұралған нәрселердің ішінде Оған ең сүйкімдісі – амандық-саулықтың сұралуы». Бірде бір кісі ең жақсы дұға үйретуін сұрағанда, Пайғамбарымыз: «Раббыңнан бұл дүниеде де, ақыретте де амандық-саулық беруін сұра» деп жауап берген.
Пікірлер