Исламда адамның жаны қалай қастерлі болса, қайтыс болғаннан кейін оның өлі денесі де сондай құрметке ие. Мұсылманша жерлеу рәсімі бойынша мәйітті қастерлеп жуып, ақ матаға орап, кебіндейді. Көпшілік боп жаназа намазын оқып, соңғы сапарға шығарып салады. Мәйіттің өлі денесін қорлауға жол жоқ. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір сөзінде: «Өлінің сүйегін сындыру, тірі кезінде сүйегін сындырғанмен пара-пар»[1], – деген. Сондықтан, аса қажеттілік туындамаса, мәйітті сойғызбай, сақтаулы қалпында жер қойнауына тапсырған жөн.
Дегенмен, кей кездері мәйіттің денесін зерттеуді қажет еттіретін жағдайлар туындауы мүмкін. «Мұндай кезде өлінің денесіне арнайы мамандар тарапынан хирургиялық зерттеу жүргізілуіне рұқсат» дейді қазіргі таңдағы дін ғалымдарының басым көпшілігі.
Бұл жағдайларды үшке бөліп қарастыруға болады:
1.Өлімге алып келген індетті анықтау. Адам өміріне себеп болған ауруды анықтау үшін, індеттің адам жазушаларына, ағзаларына өту жолдарын, оның адам өміріне тигізген әсерін анықтау мақсатында арнайы дәрігерлер, мамандар тарапынан өлген кісінің денесіне хирургиялық зерттеу жүргізулуі мүмкін. Мұндай зерттеу одан ары қарайғы уақытта індеттің қоғамда жайылуын болдырмау, өзгелердің өміріне қауып төндіруін алдын алу тұрғысынан өте маңызды.
2.Медициналық факультетте оқитын студенттерге адамның ішкі құрылысын таныту мақсатында, мұғалім дәрігерлердің қадағалауымен өлі денеге жүргізілетін хирургиялық зерттеулер. Мұндай жағдайдағы хирургиялық зерттеуге қарсы шыққан дін мамандары болғанымен, көпшілігінің пікірінше бұл да қажеттілік.
Бірақ мынадай талаптар ескерілуі тиіс:
3.Қылмыстың басын ашу. Кейде адам өліміне қатысты қылмыстың басын ашу үшін медициналық сараптама аса қажет. Өлімінің себебі табиғи апат па, әлде адам қолынан қаза тапты ма? Немесе өз-өзіне қол жұмсаған ба? Қай уақытта қайтыс болған? Деген сияқты сұрақтарға хирургиялық зерттеу нәтижесінде жауап анықталып жатады. Мұндай жағдайда арнайы мамандар өлген мәйіттің денесін зерттеп, сараптама жүргізеді. Сараптама нәтижесінде күдіктіні ақталады немесе оның қылмысқа қатысы бар екендігі айғақталады. Осы тұрғыдан қарағанда да өлінің денесіне хирургиялық зерттеу жүргізу маңызды. Әйтсе де бұл бөлімнің өзіндік талаптары да жоқ емес:
4.Қандай жағдай болмасын өлі дененің сойылған ағзалары, аяқасты етілмей көмілуі тиіс.[2]
[1] Әбу Дәуід – Китабул Жәнәиз - №3207
[2] А) Рабытату әл-Ъәләмил Исләми: Мәжмәъул Фиқһил Исләми: 1987 жылы өткен кезекті оныншы отырыс. Доктор Али Ахмәд әс-Сәлүс: Маусуғатуль Қазая – 587 бет. «Дарус сәқафа» баспасы – Қатар. «Дарул Құран» баспасы – Мысыр.;
Ә) Әш-Шәйх Хасан Мәмүн: http://www.dar-alifta.org/ ;
Б)Әхкәму тәшрихи Жүссәтил Әдәми.
В)әл-Мәжлис Исләми лил-ифтә – Қудус: http://www.fatawah.com/Fatawah/87.aspx
Абдусамат Қасым
Пікірлер