Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бүгін түсіңде Алла елшісін (с.а.с) көргің келсе...
23 сәуір, 2019 жыл 2646 Басып шығару нұсқасы

Ахмад бин Хамбаль және Бухари өз еңбектерінде Анас бин Мәліктен риуаят етілген хадисті келтіреді. Онда Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кім мені түсінде көрсе, оның түсі шынайы, себебі шайтан менің кейпіме ене алмайды», - дейді.

Асылында Расулаллаһтың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) түр-әлпеті қалай болатыны, адамның рухани кемелдігіне байланысты. 

Әлемнің нұры болған Пайғамбарымызды түсінде көргісі келген адам өзінің қалауын жан тәнімен сезіне білу, Алладан қорқатын құлдардан болу, Жаратушы Иенің әмірін бұлжытпай орындауы және тиым салынған нәрседен аулақ жүруі тиіс.

Юсуф Набхани былай деп жазады: «Мен Алла елшісін (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) түсімде бір көруді қатты қаладым және ол үшін «Ықылас» сүресін 3000 рет оқып, Жаратушыға дұға еттім. Мен Оны түсімде асқақ, ұлы күйінде көрдім, тіпті сөзбен айтып жеткізе алмаймын».

Абдуль-Кадир Гейляни «Гунья» деген еңбегінде Абу Хурайрадан (Алла оларға разы болсын) жеткен Алла елшісінің мына бір хадисін келтіреді: «Кімде-кім жұмаға қараған түні екі рәкағат нәпіл намазды орындап, әр рәкағат сайын «Әл-Фатиха» сүресін оқып, артынан мың рет «Аллахумма салли аля Мұхаммадин Нәбийюль-Уммии» деп айтса, келесі жұмаға дейін мені түсінде көретін болады. Мені көргенде жәннатқа лайық болып, күнәлары кешіріледі» деген.

Сонымен қатар ұйықтар алдында дәрет алып, дұға етіп жату да ең бастысы.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары