
35 градус қалыпта отырсаңыз бәрі де басқаша болмақ. Жеңіл түрде өтеді.
"Бірақ, қазіргі унитаздар мұндай отырысқа ыңғайлы етіп жасалмаған ғой" деуіңіз мүмкін. Егер де аяғыңыздың астына кішкентай орындық қойсаңыз, дұрыс отырған боласыз. Денсаулықтың да бұзылуының алдын аласыз. Қоғамдық орындардаға дәретханаларда да осыған жағдай жасалу керек.
Дұрысы осылар
Негізінде әжетханада отырудың тәртібін исі мұсылман баласы жақсы біледі. Себебі, әжетханада жүрелеп отырғанда оң тізесін көтеріңкіреп, сол аяғын басыңқырап отыру - сүннет. Бәйһақидің хадис жинағында келген бір хадисте Сурақа ибн Жағшам былай дейді: «Бізге әжетханаға кіргенде салмағымызды сол аяғымызға салып, оң аяғымыздың тізесін тік ұстауымызды үйретті».[1]
Көрдіңіз бе, медицина енді ғана дәлелдеп көзі жетіп отырған дәретханада дұрыс отырудың тәртібін ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) 14 ғасыр бұрын айтып кеткен. Бұл пайдалы мәліметпен бөлісіңіздер. Жақындарыңыз да біліп жүрсін. Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
[1] Байһақи - №418-хадис
Пікірлер