Уа алейкум ассалам!
Шариғат бойынша пәктігінен айырылған қызға үйленудің еш әбестігі жоқ. Оның болашақ ұрпаққа тигізер зияны да жоқ. Алайда, қыз күйінде алынған әйел абзал және соған басымдылық беріледі.
Оны Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұрын тұрмыста болған әйелді алған Жабирге (р.а.): «Саған ойнап күлетін жас қыз табылмады ма?» – деп қойған сұрағынан байқауға болады.
Пікірлер