Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Кешігіп келген құлшылық. Үшінші бөлім
11 сәуір, 2018 жыл 724 Басып шығару нұсқасы
  • Ілкәжан,-деді бірде Қамбүбі күрсіне отырып, баласын емізіп отырған Ілтипатқа. Қамбүбінің Ілкәжан деп айтуы алғаш рет. Еркелетіп айтқан сөзі сондай жағымды, мейірімді екен. Қамбүбінің түрі де әдеміше келген, қара торы әйел екенін енді көргендей болды Ілкә. Маңлайынан түскен әжімі де бар мейірімді шертетіндей көрінді.
  • Ілкәжан, мені Алла кешіреді ме? Мен кешіруге лайық жанмын ба?,-деді Қамбүбі.
  • Әрине, апа, Мейірім шексіз Алла өте кешірімді, өз құлына деген махаббаты шексіз. Шын тәубе етсең, теңіздің суындай күнәларыңыз болса да, кешіреді. Оған күмәніңіз болмасын. Пайғамбарымыздың сахабасы Әбу Һурайра мына бір жүрек сыздатар оқиғаны айтқан екен: «Бір күні жаныма бір әйел келді. Сөйтті де: «Мен зина күнәсін жасадым. Одан туған баланы өлтіріп тастадым. Енді мен үшін тәубе етуге мүмкіндік бар ма?» деді. (Мен күнәнің ауырлығына қарап): «Жоқ, сенің тәубең енді қабыл болмайды дедім. Әлгі әйел: «Әй, сорлы басым-ай, сонда менің шынында да тозаққа күю үшін жаралғаным ба?» деп еңкілдеп жылап қоя берді. Жылап-жылап үйіне қайтты. Ертесіне болған жайдың бәрін Алла елшісіне түп түгел жеткіздім. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қабағын шытып: «Сен не істеп қойғаныңды білесің бе? Сен Құрандағы мына аятты оқып жүрген жоқсың ба деп Фурқан сүресінің мына аяттарын оқып берді: «Олар Алламен басқа бір тәңірге сыйынбайды. Алланың жаратқанын жазықсыздан жазықсыз өлтірмейді. Зина жасамайды. Кім бұл күнәларды жасаса, Алланың құзырында жазаға тартылады. Қиямет күні оған еселеп азап беріледі. Онда қор болып мәңгі қалады. Алайда кімде кім тәубе етсе, иман келтіріп, ізгі амалдар жасаса, Алла олардың жамандықтарын жақсылыққа айналдырады. Алла аса жарылқаушы, өте мейірімді» (Фурқан сүресі, 68-70 аяттар)». Міне солай, Алла тым жарылқаушы екен,-дегенде Қамбүбі де көзінің жасын сүртіп отырғанын байқады. Бибіхан келіп, Санжардан қалған тұяқты қолына алып, мейірленгенде, Қамбүбі де арман құшағына еніп кетті. Жанар келінінің орнына осы Ілтипатты қабыл еткенде не болар еді, ол да осылай бақытты болып, тәтті немесересін иіскеп, қолын ыстық суға малып отырмас па еді. Тағдырға не шара? Қамбүбі бақыт исламда екенін білген жоқ қой. Мұсылманмын десе де, жастайынан ислам шариғатының иісін де сезген емес. Мұсылманмын десе де, шариғатты кері түсінді. Орамалды дінбұзарлық, арабтық деді. Намаз оқығанды жанкешті-террорист деп ұққан. Әрине, бұған Қамбүбі кінәлі ме? Енді алдына келген бақытты, есіктен өзі итеріп шығарып жібергеніне, рас, іштей өкінеді. Бірақ білдіртпейді. Тағдырға көніккен.
  • Ілкәжан, сенің жүзіңді байқамаған екенмін. Сен сұлу екенсің. Расында, орамалсыз жүрсең, талай сұқты көздерге тап болар едің, сұлулығыңды жасырған ақылдысың. Сұлу жүзіңе анау тыртықты түсіргенім үшін Алладан кешірім сұрап келемін, сонда да, бақытты бол, қалқам,-деді Қамбүбі Санжар қайтсыс болғанда Ілтипатты ұрып құлатып, басын жарғандағы кезді еске алып. Сол кезден кейін ақ, басына тиген ауыр жарақаттан кейін, Ілтипаттыңбасы ауырып, көзінің көруі де нашарлап кеткен еді. Толғақ қысып, қиналып қалғанда да осы көзіне келген зақым одан сайын үршігіп кетті. Оны ешкімге айта алмаған Ілкә көзі көріп тұрғанда сүйкімді баласын мейлінше көріп алғысы келді. Күндердің күнінде көз жанарынан айырылып қалатынын білген еді...

Бүгінде Ілтипат жанарынан айырылып, қозғалуы қиындап қалған. Сонда да ол әр намазында шүкіршілік етіп, Раббысына дұға етуден шаршамайды. Берген сынағының нәтижесін ақыреттен күтіп, әр күніне қуанып, баласының шаттық күлкісін естуден жалықпайды. Қамбүбі мен Бибіхан да Ұлы Рахман Иесіне бет бұрып, оразасын үзбей, басына шәлісін жапты. Бақытты бұлар. Құсаға тап болған Әділбек те жасанды аяқ киіп, ары бері бәсең қимыл қағады.

Толассыз жауған жаңбырдың арты, жайма шуақ күндерге айналып, жер әлем жасыл желекке оранды. Әнші құстар сайрап, алыстан әдемі азанның дауысы естіліп тұр. Қамбүбі мен Бибіхан сыбыр –сыбыр етіп, күбірлесіп отыр. Бибіхан көзінің жасын бір сүртіп қояды. Кейде күліп, мейірленіп қояды. Сәлден кейін, қолына таяғын ұстап, әр үйдің бұрышын жатқа танып алып, кібіртіктеп келе жатқан Ілтипатқа Қамбүбі тіл қатты:

  • Ілкәжан, осы идда уақытың бітті ме, қалқам?,-дейді мейірлене жымиып Бибіханға қарап.
  • Әрине, Апатай, Ислам шариғаты бойынша Құранда айтылғандай «күйеуі қайтыс болған жесір әйел күйеуі қайтқан күннен бастап, 4 ай, 10 күн күтеді;» ("Бақара" сүресі, 228-аят)екен. Неге сұрадыңыз?,-деді Ілтипат еш мәнісін түсінбей.
  • Кешігіп қалған құлшылығымды әкелдің.Енді кешіксем де, кешігіп келген келінімді өзім алып келіп,сауап алсам деймін,құлыным,-деді Қамбүбі. Сөзінің мәнісін бірден түсіне қойған Ілтипат ұяла, бет ұшын қызартып, артқа қарай шегіншектеп қалып, тайып құлап қала жаздады.
  • Абайлаңыз, Ілкәш,-деген Әділбектің даусын естіп, ұялып,есікке қарай беттеп, үйге зып берді. Үнсіздігі келіскеннің белгісі еді...

 

Автордан: «Әйел - Алланың нәзік жаратылысы екені күмәнсіз. Жаратушы Жаббар иеміздің берген сынағына төтеп беріп, ақырет үшін, отбасының түтінін түтетіп, шүкіршілік етіп жүрген нәзік жандар қаншама. Алла Ілтипаттай мейірімді, ілтипатты, қайырымды жан болуды нәсіп етсін. Расында әр ауыртпалықтың артынан бір жеңілдік бар.«Дүние өткінші. Дүниедегі өткіншілердің ең қайырлысы –салиқалы әйел!» (хадис)». Ілтипат – екі дүниеде де бақытты болуға лайық!

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің ұстазы Джаримбетов Мұхит Михаилович

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары