Мұсылман емес,яғни кәпір адам қайтыс болса, күнәсі кешірілуін және оны Алла тағала жарылқауын тілеп дұға жасауға болмайды. Кеңірек айтар болсақ, имам ән-Науаи:"Кәпірдің артынан жаназа оқып, күнәсін кешіруін сұрап дұға жасауға Құран және барлық ғұламалар келісімі бойынша тыйым салынады. Алайда,тура жол сұрап, иманға келсін деп дұға жасауға болады. Сонымен бірге, мухариб [1] мәртебесіндегі жат діндегі адамға бала-шаға, мал-дүние, амандық пен денсаулық сияқты дүниелік пайдаларды тілеп дұға жасалмайды. Ал, арада (бейбіт қарым-қатынас) болған мұсылман еместерге дұға жасаудың әбестігі жоқ [2]"-дейді.
Қорыта айтқанда, басқа діндегі көрші-қолаң, жұмыстағы әріптестер науқастанып қалса, көңілін сұрап шипа тілеуге болады.
[1] Мухариб-соғысушы тарап болып саналатын адам.
[2] Мажмуъ, ән Науаи
Пікірлер