Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жақсылық жаса, бірақ қайырымын күтпе
07 шілде, 2015 жыл 6577 Басып шығару нұсқасы

dobro «Жақсылық», «қайырымдылық», «мейірімділік» сөздерін жиі естиміз. Жақсылыққа бала жастан үйретеміз. Жасынан жамандық жасамауға, әркімге көмектесуге, жақсылық жасап жүруге, мейірімді болуға үйренген бала есейгенде де жамандыққа бара қоймасы анық. Мұндай тәрбие ата-ананы баласы есейгенде ұялтпайды, қоғамда жақсы адамдардың санын арттырады.



Ертегілер әлеміндегі жақсылық


 


Ертегіні тұнған жақсылық пен жамандықтық тартысы десек те артық емес. Өйткені ертегі атаулыда жамандық суреттеліп, ең соңында жақсылық жеңетіні бар. Өмірде де солай жақсылық жақсылықпен қайтады. Жеңіс жақсылықтың жағында. Ата-ана балаларын әр нәрсені: өтірік пен шындықты, мейірім мен жауыздықты салыстыра отырып тәрбиелейді. Жақсылық та осындай. Сол себепті де негізгі адамгершілік түсініктер балалық шақта санаға сіңеді. Солай мейірімді я мейірімсіз  адамдар қалыптасып, өмір жалғасады.



Жақсылықадамгершілік негізі



Адамгершілік – кең мағыналы түсінік. Әркім оны өзінше түсінеді, өзінше қабылдайды. Ал мұсылман адамның түсінігіндегі адамгершілік шариғат үкімдеріне құрылып, Алла елшісінің ісі мен сөзінен бастау алады. Әрине Алла елшісіне жету мүмкін болмаса да, оның ізімен, салған жолымен, сүннетімен жүруге тиіспіз.  Жақсылыққа жаны жақын адамның қолы жамандық жасауға бармайды. Ол адам жаман сөз айтуға да батпайды.  Бойы мен ойына әбден жақсылық сіңген адам ауыр күнәлар жасаудан алыс болады.


Ғұламалар жақсылықты жоғары адамгершілік құндылық дейді. Жақсылық жасау, мейірімділік таныту – бұл дінге сай садақа. Мұхаммед Пайғамбардың хадисіне сәйкес жолда жатқан тасты алып тастау – садақа. Осындай игі істер жасау арқылы адам өзінің адамгершілік құндылығын одан әрі жетілдіре түседі.



Жақсылық пен денсаулық


        


Психология ғылымы жақсы адам болу – психологиялық тұрғыдан сау адам дегенді білдіретінін айтады. Жақсылыққа жақын адам орнықсыздықтан, ойсыз іс-әрекеттен аман.  Жақсылыққа жақын адамның жүйке жүйесі де орнықты. Біздегі көптеген аурулар босқа жүйкені жұқартқаннан болатынын ескерсек, жақсылық денсаулық кепілі болмақ. Жанның жақсы емі – ол жақсылық, жақсы істер мен жақсы ойлар. Біздің айналамызда қанша жаман, мейірімсіз адамдар болғанымен өзіміздің жақсы адам болып қалуымыз ең маңыздысы. Мұндай адам ешқашан ұтылмайды. Біз – ол біз, олар – ол олар, әркім Алланың алдында өз күнәлары үшін жауап береді. Денсаулық – Алланың берген аманаты, нығметі. Ал жамандық – әрдайым адамды жегідей жей береді, жүйкені жұқартады, рухани қасиеттерімізді жояды, ең соңында денсаулығымызға кесірін тигізеді. Жақсылық – кез-келген аурудың: жан дертінің де, тән дертінің де емі.



Жақсылық – сенім негізі


 


Алланың елшісі: «Шынында Алла мейірімді және жақсылықты жақсы көреді. Ол қаттылықпен немесе басқамен қол жеткізу мүмкін болмайтын іске, жақсылық арқылы қол жеткізуге ммүмкіндік береді»-деген. Ислам тақуа адамды бәріне мейірімді болуға шақырады: өз-өзіне, ата-анаға, отбасына, жануар мен жансыз дүниеге, Алланың барлық жаратылысына. Мұхаммед Пайғамбарымыз адамдардың арасындағы ең мейірімдісі болған еді және бізге соның үлгісін қалдырған.


Мынадай нақыл сөз бар: «Жақсылық – ешқашан артығы болмайтын қасиет»-дейді. Адам қандай, қаншалықты жақсы, мейірімді болса да, оның адамға зияны болмайды, адамдар мен Алланың алдында мәртебесін көтереді. Ал бұл ең бастысы!


Адам сенімі жақсылықта жетілуі керек. Жауыздық пен сенім – үйлейспейтін түсініктер. Жақсылық біздің жанымызды нұрландыруы тиіс. Әлдекімге көмек бере отырып, біз оның қайырымын күтпеуіміз қажет. Мұсылман үшін бастысы Алланың разылығы. Бұл сонда  нағыз жақсылық болмақ...




Қарағанды облстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары