Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Исламда эвтаназияға рұқсат етіле ме?
24 шілде, 2015 жыл 578 Басып шығару нұсқасы

 1423240421-3861-evtanaziyaЭвтаназия – айықпас ауыр дертке шалдыққан адамның өз өтініші бойынша өмірін тоқтату. Ислам ғалымдары эвтаназияның кез-келген түріне тыйым салған. Эвтаназия дегеніміз – сырқат адамның өлімге әкелетін препараттарды қабылдауы не болмаса оның тыныс алуын тоқтату, т.б. Сырқат жандар кез-келген сәтте медициналық көмектен бас тарта алады. Бірақ өлімін тездететін инъекция салғызу – бұл мүлде басқа нәрсе. Ем жүргізіп, Алланың мейірімінен үміт үзбеу керек. Үміт қалмаса  да басқа түскенге сабыр ету қажет. Егер сырқат адам өз өлімін тездетуді өтініп және соны жасатса, немесе өзі жасаса бұл өзін-өзі өлтіргендік болады. Ал оны дәрігер жасаса адам өлтіргенмен бірдей болады.


Қиналу себепті өз-өзіне қол жұмсау Исламда өзін-өзі өлтірумен бірдей.


Өзін-өзі өлтіру Иламда әрі қылмыс, әрі үлкен күнә. Адам өмірі аманатқа берілген және оны Алланың ажалды сәті жеткенге дейін бар күшіңді салып сақтау қажет. Исламда «қиындық пен азаптан құтылу үшін» деген ұстаным өлімді ақтайтын себеп емес. Алла Тағала Құранда: «Өз-өздеріңді өлтірмеңдер. Шынында, Алла сендерге мейірімді»-дейді.  Әрі қарай: «Сендердің оған құқыларың болмаса (мысал үшін, өлім жазасына кескен сот шешімі, соғыс алаңында және т.б.), Алла сендерге өлтіруге тыйым салған жанды (адамды) өлтірмеңдер. Мұның бәрін Алла сендерге аманат етті. Мүмкін түсінерсіңдер»-делінеді.


         Алла елшісі: «Кімде-кім өзін темір қарумен өлтірсе, сол қаруды тозақта арқалап жүреді. Кім өлу үшін у ішсе, бұл уды тозақта үнемі ішеді. Кімде-кім өз-өзін өлтіру үшін таудан секірсе мәңгілік тозақ түбіне құлайтын болады»-деген.


Мына бір хадисте Алла елшісі осы біз айтып отырған жағдайға ұқсас жайды баяндайды: «Сендерге дейін өмір сүрген адамдардың арасында жарақаты бар бір адам болған. Ол жарасын ауырсынып, қатты қиналған. Бірде пышақ алып жарасын кесіп жіберіп, көп қан жоғалтып қайтыс болған. Алла Тағала: «Менің құлым Мені өзі анықтады. Мен оған Жұмаққа тыйым салдым»-деді».


Ауырлық пен азаптың басқа жағы да бар. Сабыр мен төзім Исламда жоғары бағаланады. Алла Тағала Құранда: «Шынында, сабырлыларға олардың сыйы толығымен беріледі»-дейді.



Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары