Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Имам болуыма себеп болған - арабша кітап...
29 қыркүйек, 2015 жыл 239 Басып шығару нұсқасы

11159971_1587490434802122_6880712460407558987_nМен имам боламын деп ешқашан ойлаған емеспін. Мен кәсіпқой музыкант болдым. Еңбек жолым филармонияда басталды. Отбасылық жағдайыма байланысты, сүйікті ісімді тастап, автобус жүргізуші болуға тура келді.


Бірде жұмыс барысымен Балқаш қаласына барып, қонақүйге жайғасқан соң киімімді қыстырып жатып сөренің түп жағынан, жасыл көне кітапша тауып алдым. Ашып қарасам –арабша жазу. Өзім түсіне алмаған соң молладан білім алған ағатайыма апарып көрсеттім. Ол кісі кітапты қарап, сен қандай құнды дүние тауып алғаныңды білесің бе?, - деп таңырқай қарады. Бұл сирек кездесетін таңдамалы сүрелер жинағы екен. Құнды дүниенің арт жағында, молдалар іздеп жүрген дұғалар бар екен. Ағайым бұл саған Алланың жіберген белгісі болар, егер қаласаң менің көзімнің тірісінде арабша білім ал деп, содан бері демалыс күндерімде барып дәріс алып отырдым.


Бір күні біреулер менің намазға жығылып жүргенімді жария етіп қойыпты. Содан аудан басшылығының хатшысы мені молла қылып, ауылда мешіт ашпақшы болды. Мені шақыртып алып, бірауыздан Ағадырдың имамы боласың демесі бар ма... Қалайша көлік жүргізушісі имам болмақ, бұл өте жауапты іс қой деп мен ат тонымды ала қаштым. Басшы айтқанынан қайтпай, мені жұмыстан шығарып алып, Жезқазғанға оқуға жіберді. Кейін Тәжікстан елінде дәріс алдым. Мен елге келген уақытта Кеңес Одағы тарап жатты. Дінде еркіндік пайда болып, ел арасында белең ала бастады. Осы кезде менің керегім болды. Шынымен де Алланың қалауы болар...


Мұсылман ол –Алланың барына сенім білдірген адам. Ол намаз оқымауы мүмкін, ол шалыс басып күнә жасаса да оның Раббысына деген сенімін жоғалта алмайды. Алла Тағала періштелерден «Тозақта жүрегінде дәннің ұнтағындай сенімі болған біреу қалды ма?» деп сұрайды. Егер періштелер «Иә, бар» деп жауап қатса, Алла «олардың орны жұмақ» деп бұйырады. Құдай жоқ дейтіндер болмайды. Кез-келгенінің жүрегінде сенім отының ұшқыны бар. Түптің-түбінде барлығы бір Құдайдың бар екеніне мойынсынады. Тіпті Ленин де ақырғы демі шығарда Құдайдан кешірім сұраған.


Адам бойындағы ең үлкен қабілет өз кемшілігімен күресе білу. Ең қиыны да сол өзіңмен-өзің күресу.


Имам ол – рухани тәрбие беруші, содықтан да ол ең алдымен өзін-өзі қамшылап отыру қажет. Отар қойдың арасындағы түйе сынды. Егер отар қойдың арасында қой құласа оны ешкім байқамау мүмкін, ал түйе шалынса шуылдап кетеді.Сондықтан да имам деген атқа лайық болу шарт.


Исламда нәзік жандылардың алатын орны ерекше. Әйел заты бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Егер әйел адам ар-ұяттан айырылса, жаппай қоғам зардап шегеді. Әйел –қоғамның айнасы.


Мені алаңдататыны қазіргі жастар. Жастар жастығын жасайды. Араб елдерінен оқып келіп, өзге елдің өмірлік ұстанымын құп көріп, істің байыбына бармай жатып, өзгенің етегінде еріп кете барады. Ғасырлар бойғы қанымызға сіңген салт-дәстүрімізді , ата дінімізді ардақтауымыз керек.


Ислам ата-ананы құрметтеуден басталады. Егер әке-шешеңе қарсы келсең, сенің оқыған намазың, зекетің, жиһад, оразаң,  еш біреуін де Алла қабыл етпейді. Олардың разылығына бөленгенде ғана нағыз мұсылман болғаның.


Ислам сөзінің мағынасы – «бейбітшілік ». Сондықтан да хақ дініміз басқа дінге сыйластықпен қарайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да Мединеде тұрғанында христиан, иудейлердің мәдениетіне әрдайым дұрыс көзқарас танытқан. Менің ойымша демократия сол кезде бастау алды.


ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлы


Esqure.kz сайтына берген сұхбатынан


Аударған Гүлім Аятай

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары