Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Өмірге үміт сыйла! 
14 шілде, 2020 жыл 730 Басып шығару нұсқасы

Өмірге үміт сыйла! 

Ассалаумағалейкум құрметті бауырлар!

Баршамызға белгілі, қазіргі таңда коронавирус індетін жұқтырушылар саны күрт өсіп, шарықтау шегіне жетіп отыр. 
Мыңдаған отандастарымыз қорқынышты індетпен арпалысып, өмір мен өлім арасында жатыр.

Бүкіл әлем бойынша күн сайын COVID-19 індетімен емханаға келіп түсіп жатқан науқастардың санында шек жоқ.

Қатігез індет сәбиді де, жасты да, кәріні де аяп жатқан жоқ.

Елестетіп көріңізші...Дәл қазір Алланың бір пендесі, тынысы тарылып, қиналып кеудесін керіп дем алуын Алладан тілеп, жалбарынуда....

Сіз оған көмектесе аласыз! 

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына қарасты "Зекет" қайырымдылық қоры хабарлайды!

Адам өкпесін жасанды жолмен демалдыру аппараттарын сатып алып, сіздің көмегіңіз арқылы бір адамның өмірін сақтап, өмірге деген құлшынысын арттырып, үміт сыйлай аласыз.

Осындай қиын кезеңде Еліміз, халқымыз үшін науқастанып жатқан жандардың өмірін сақтап қалу үшін көмек қолын созып сауапты іске ат салысуға шақырамыз!

"Зекет" қайырымдылық қорының бас маманы:
Джаримбетов Мухит 

Kaspi Gold:
5169 4931 0183 1397

Тел: +77071261285

ЖСН: 851226300246

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары