Отбасы – мейірім мен махаббаттың, жан тыныштығы мен ауызбіршіліктің ұштасқан ордасы. Жарасым тапқан әр отбасы – мемле- кет тыныштығының кепілі. «Отан – отбасыдан басталады» - деп дана қазақ халқымыз бекер айтпаған. Адамзат атаулының бәрінің бойындағы адамгершілік, имандылық, әдептілік, кішіпейілділік сынды көптеген қасиеттер осы жанұяда қалыптасады. Отбасы іргетасының беріктігі - оның мүшелерінің өз міндеттерін біліп, өз межесінде орындауында жатыр. Белгілі бір заңдылыққа мүлтіксіз бағынған отбасында тыныштық орнайды.
Асыл дінімізде отбасы құндылықтарының маңыздылығы кең сурет- телген. Отбасы тыныштығын сақтау – ер мен әйелге тікелей байланыс- ты. Өмірдің сүреңсіз соқпақ жолында ер мен әйел бір-бірінің кемшілігін жасырып, жақсылығын асыра отырып, бір-бірін толықтырып отыруы отбасылық міндетіне жатады. Бұл туралы қасиетті Құранда «Олар сен-дерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер» - делінген. Ата-анасының татулығын көріп өскен баланың бойында кешірімділік пен сүйіспеншілік сынды жақсы қасиеттер қалыптасады. «Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген қанатты сөзде- гідей әр отбасы мүшелері бір-бірін түсініп, үндестікте өмір сүрсе, ата-бабаларымыздан келе жатқан дәстүрлеріміз бен қазақы құндылықтары-мыз ғасырдан-ғасырға жалғасары сөзсіз. Жанұядағы әр адамның өз орны бар. Ата-ананы сыйлап, құрметтеу баланың парызы болса, балаға мейірім көрсету, тәрбие беру әке мен ананың міндеті. «Ер кісі отбасы-ның бақташысы, сондықтан Ол қол астындағыларға жауапты» де-ген астары терең мәнге толы хадис бар. Жанұяның тұрмыстық қажеттілі-гін өтеу үшін тер төгіп жүрген отағасына бағыну – отбасы тыныштығы-ның алғышарты.
Отбасының ұйытқысы болған әйел затына да Құранда ерекше көңіл бөлініп, жанұядағы міндеттері жайлы сөз етеді. Әз Пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің бір хадис-шарифінде: «Әйел бес уақыт намазын оқыса, рамазан айында оразасын тұтса, ар-намысын қорғап және күйеуіне мойынсұнатын болса жәннәт есіктерінен қалағанына кіреді» - деген. Осы бір хадистің өзінен-ақ от-басындағы әйелдің орны мен атқарылуы керек болған міндеттерінің маңыздылығын түсінуге болады.
Перзент – отбасының жемісі, қоғамның белсенді мүшесі, ұлттың болашағы. Жақсы тәрбиеленген бала – ата-ананың мақтанышы. Баланың отбасыдағы басты міндеті – ата-ананы сыйлап, құрмет көрсетуі. «Ана алдында құрмет, Ата алдында қызмет» деген аталы сөз осы пікірімізді айқындай түседі. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» дейді дана қазақ. Ата-анаға жасаған жақсылықтар болашақта перзентімізден өзіміз-ге қайтары даусыз. Сондықтан, ата-ананы құрметтеу – әр перзенттің бо-рышы.
«Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен». Осы аяттың мағынасы отбасы мүшелерінің ауызбіршілігі мен бір-біріне сүйіспеншілігі Алланың раһымының белгісі екенін білдіреді. Отбасымыз тыныш, ата-анамыз аман, ұрпағымыз салихалы болғай!
Пайдаланылған әдебиеттер: Құран Кәрім «Бақара» сүресі 187-аят;
«Рум» сүресі 21-аят;
Қаражал қалалық мешітінің бас имамы Советов Талғат
ihsan.kz
Пікірлер