Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Зайырлы мемлекет дегеніміз қаңдай мемлекет?!
20 қаңтар, 2021 жыл 7337 Басып шығару нұсқасы

Әлемде 113 мемлекет өзін зайырлы ел деп жариялаған болса, соның бірі – Қазақстан. Конституцияның 1-бабында ҚР өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде орнықтыратыны көрініс тапқан. Сонымен бірге Ата Заңымыз әрбір адамның діни сенім бостандығына кепілдік береді және конфессиялық, этникалық және басқа да белгілері бойынша кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салады. Ал жер бетіндегі 75 мемлекетте дін республиканың ресми бөлігі болып табылады.

«Зайырлы мемлекет пен қоғам – біздің тарихи таңдауымыз. Зайырлы деген атеистік дегенді білдірмейді. Зайырлы дегеніміз – озық, толерантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерге қолдау көрсетіп, кез келген экстремизм түрін үзілді-кесілді мойындамаймыз». Бұл – Елбасының зайырлылық пен дінсіздік ұғымын шатыстырып, адасқан қандастарымызға қарата айтқан кесімді сөзі. 

Дін мемлекеттен бейтарап саналғанымен, дін мемлекет тіректерінің бірі – рухани тірегі болып қала бермек. Бүгінгі таңда еліміздің ішінде оңды-солды тіркеліп, діни үгіт-насихат жұмыстарын екпіндете жүргізіп жатқан әртүрлі діни бағыттағы бірлестіктер мен көптеген жат миссионерлердің істері халқымыздың, ұлтымыздың келешек болмысына, ата дініміздің бекіп өркендеуіне деген алаңдатушылығын туғызып отыр. Еліміздегі бүгінгі діни ахуал жағдайында бұрынғы өлшеммен жұмыс істеуге болмайтыны белгілі ақиқат.

Қазақстан Республикасының 2011 жылы 11 қазанында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы азаматтардың дiни сенiм бостандығы жөнiндегi құқықтарын iске асыруға кепiлдiк береді.

Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастың басты сипаты – елімізде қандай да бір ресми немесе міндетті діннің болмауында, демек, еліміз қоғамды көркейтетін құндылықты қолдап, тұлғаның діни сенім еркіндігін қамтамасыз етеді. Демек, республиканың әрбір азаматы өз бетінше әрі ешкімнің мәжбүрлеуінсіз қай дінді болса да таңдау еркіндігіне ие немесе өзінің қалауымендіни институттардан тыс өмір сүріп,қандай да бір діннің өкілі болмауға да құқылы.

2016 жылғы ресми дерек бойынша елімізде 3620 діни бірлестік бар, олардың 2527 исламдық, 331 православиелік, 654 протестантық, 84 католиктік бағытта жұмыс жүргізеді. Қазіргі таңда оның саны әрине өзгерді. Әрбір дін өкілдері адамдарға жалпы адамгершілік құндылықтар туралыуағыздайды.

Мемлекеттің Атазаңымен бекітілген зайырлылық сипаты – оныңіргетасы, мемлекеттің ерекше сипаты. Зайырлылық қағидаты – азаматтардың дүниетанымында, көзқарасы мен діни ұстанымында, күнделікті өмірінде ерекше орын алатын құбылыс.

Еліміздегі діни ұстаным қоғамның бойына зайырлылық пен зиялылықты, имандылық пен салауаттылықты, ұлттық дәстүрмен рухани құндылықтарды дәріптеп, оларды этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды құрметтеу мәдениетіне, дүниетанымдылық пен төзімділікке және этикалық әдетпілікке қалыптастырады.

ХХІ ғасырдың әлемдік тәртібі мен бет-бедері айқын болған қазіргі кезеңдедемократияны ұлықтайтынзайырлы мемлекеттегі діни ұстаным шын мәніндегіәлемдік өркениетті, адами құндылықтарды, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететінқоғамның рухани кемелденуіне қызмет ету керек.

 

Түкетаев Ардақ Әділханұлы

Ақтоғай аудандық орталық мешіттің бас имамы

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары