Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Денсаулық өлшеусіз байлық.
09 ақпан, 2021 жыл 876 Басып шығару нұсқасы

Барлық мақтау мен мадақ бүкіл әлемнің Раббысы Аллаға ғана лайық. Алла Тағала адам баласын басқа барша жаратылыстан ерекешелендіріп, ақыл мен сана беріп, бойын тіктеп, көркем түрде жаратты. Айта берсе сөз жетпейтін көптеген артықшылықтар берді. Оның бәрін шариғат тілінде «нығмет» деп атайды. Сол нығметтердің бірі – денсаулық.       Дініміз адам денсаулығына үлкен мән беріп, денсаулықты қорғауды талап еткен. Бұл туралы Құран Кәрімде Алла Тағала: «… өзіңді өзің қатерге тігіп тәуекел етпе. Жақсылық жасаңдар» деп бұйырады.  

Денсаулықты бағалаудың және оны сақтаудың бір жолы, айнала қоршаған ортамыз бен дене мүшеміздің тазалығын сақтау және ішкен-жеген тамағымыздың да тазалығын қадағалау басты міндет. Қасиетті Құранда Мәйдә сүресінің 5-аятында «Ей, мүминдер! Алла Тағала сендерге ауыртпалық қаламайды. Ол сендерді таза болуларыңды және шүкіршілік етулерің үшін сендерге нығметтерін тамамдауын қалайды»- деп денісау болудың кепілін, сонымен қатар денсаулық, ғұмыр берген Ұлы Жаратушыға шүкірлік етудің маңызын айтады.

Денсаулығымыз сыр берсе, оны өз уақытында емдеу де мұсылманның міндеті. Ал Алла мені сынау үшін ауру берген екен деп, қолымыздан келе тұра шамамыз жете тұра оны асқындырып алсақ, өзімізден басқа кім кінәлі болмақ. Шариғатымыз аурудан Аллаға жалбарына шипа тілеп, оның емін іздеуді талап етеді. Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде:  «О, Алланың құлдары! Емделіңдер, себебі дертті жаратқан Алла оның шипасын да жаратқан. Тек кәріліктің емі жоқ» - деген хадисін ұстана отырып, қазіргі таңдағы дамып жатқан медицинаның қызметтерін, сондай-ақ Пайғамбарымыз(ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйреткен емдік амалдарды және де Құрандағы шипа аяттары мен хадистерде келген шипалық дұғаларды пайдалана отырып емделу, денсаулықты нығайту сауапты да міндетті амал екенін біле жүрейік.  Медицинада дәлелденген сақтануға тиісті нәрселерден сақтана отырып, Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеттерінде келген күнделікті іс-әрекеттерімізде жасалатын болар-болмас болып көрінген амалдарды естен шығармауымыз абзал. Мысалы, мүмкіндігінше суды, тамақты отырып ішу, дәретханада қажетсіз отырмау, іш дәрет алып жүру, әр дайым дәретпен жүруге дағдылану, тамақты шамадан тыс ішпеу, Рамазан айынан бөлек жиі сүннет оразаларды ұстау, ас алдында және кейін қол жуып, ауызды шаю, тісті тазалау тағы басқа да Пайғамбардан(ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қалған пайдалы кеңестерге көңіл бөлу қажет.

            Қазіргі таңдағы елімізде түрлі медициналық орталықтар, зерттеу институттары көптеп ашылуда. Ана мен бала денсаулығы мен өмірін сақтау орталықтары, жүрек орталықтары заманауи медициналық құрал-жабдықтарды пайдалануда. Мұның барлығы сіз бен біздің денсаулығымыз бен өмірімізді жақсарту үшін жасалуда. Хадисте айтылғандай: «...ауру келмей жатып, денсаулықтың қадірін біл...»,-деген.  Алла Тағаланың берген денсаулығын қадіріне жетейік. Қадірін білу бұл денсаулықты тиісті орнына жұмсау. Құлшылық ету, білім алу және қоғамға пайда тигізу сияқты.Қазіргі пандемия кезінде барша сақтықты жасау  әр адамның парызы, себебі менің амандығым саулығым Отанымның амандығы мен саулығы.

Алла Тағала бізге тәрбие беріп, түн ұйқысын төрт бөлген ата-анамызға және өсіріп отырған ұл-қыздарымызға зор денсаулық бергей! Отанымыз аман болсын!

Жаңаарқа ауданының бас имамы

Қанай Асхат.

 

 

 

 

 

 

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары